1.3.3 Saccharamyces cerevisae ашытқыларын сублимациялық кептіру кезіндегі биологиялық активтілігін анықтау
Бұл жұмыста ашытқы концентрациясынан тұратын жасушалар мен 10 %-тік майсыздандырылған сүт ерітіндісі (қорғаушы орта) қолданылған. Ашытқы биомассасын периодты культивирлеу әдісімен анаэробты, аэробты режимдерде қоректік орта ретінде құрамында азот тұзы, фосфор, калий, магний тұздары бар мелассаны қолданған. Қорғаушы ортаның оптиамльды құрамы мен клетка араластырғышта техникалық сұйықтықтың біртекті массасын алу үшін жұмсалатын уақыт 0,5 сағат. Араластыру кезінде суспензиясының температурасы 200С.
Техникалық сұйықтықты ВVF/6R (Brisia Basi, Италиялық) құрылғысының сублимациялық камерада орналастырылған. Кюветадағы суспензияның қабатының қалыңдығы 5-6 мм құрайды. Пластиналы датчиктерді суспензиясына енгізгеннен кейін мұздатуы мен камерада сублимациялық кептіруді жүргізеді. Қондырғының сызба-нұсқасы суретте көрсетілген.
5 сурет - ВVF қондырғының сублимациялық сызба-нұсқасы
1-сублимациялық камера; 2-төмен температуралы камера – мұздатқыш; 3-рефрижаторлы компрессор; 4-вакуумды насос.
Алдын-ала мўұдату тереңдігі – 250, мұздату жылдамдығы 2-50С, 1 минут ішінде. Қажетті температураға жеткеннен кейін камерада вакуум құрап, келесі параметрлерде препаратты кептіру жүргізіледі: камерада жұмыс вакуум 15 Па, камерадағы соңғы вакуум 2-3 Па, конденсатор температурасы 550С.
Saccharamyces cerevisae преапаратының сублимациялық кептіру термограммасы активтілігі жоғары материал алуға арналған термограммаға сәйкес келеді (3-сурет). Үлгілердің биологиялық активтілігін қатты қоректік ортада егу арқылы 10- көбейту арқылы анықтаған.
Технологиялық процесте сублимациялық кептіруге арналған зерттеулерге оңай келесі сапалы көрсеткіш береді деп таңдалып алынды: биоматериал қондырғысы, кептіру режимі мен құрғақ материалдың регидратация жағдайларын зерттеу.
Бұл сатыларды таңдап алған себебі, ол сублимациялық қондырғының конструктивті ерекшеліктеріне аз ғана бағынады.
Сублимациялық кептірудің технологиялық процесінің модификациясын кептіру алдындағы техникалық сұйықтықты дайындау режимінің өзгеруі есебінен іске асырады.
6 сурет - Препаратты сублимациялық кептіруінің термограммасы: 1-өнім температурасы; 2-плита температурасы
Достарыңызбен бөлісу: |