Беттер Кесте Сурет Әдебиеттер


Меласса құрамының ашытқы шығуы мен сапасына ықпалы



бет18/41
Дата25.11.2023
өлшемі3.94 Mb.
#484446
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Дип.-Ашытқы-саңырауқұлақтарын (1)

2.1.1 Меласса құрамының ашытқы шығуы мен сапасына ықпалы

Ашытқылардың мелассада өсіруде ондағы азот мөлшерін, өсу және күлді заттардың санын білу өте маңызды.


Құрамында азот мөлшері аз меласса ашытқы өндірісінде жақсы шикізат бол алмайды. Заводтарда қолданылатын меласса құрамындағы жалпы азот 0,6-2,0 процент шамасында. Оның құрамында амин азоты кіреді, ол ашытқының өсуіне ықпал жасайды. Аммоний азотының жоғарғы мөлшерінде ашытқы шығу мүмкіншілігі жоғары екені белгілі. Аммоний азоты мезгіл соңында азаяды, сонымен қоса ашытқының өсуі үшін маңызды қышқылдар төмендейді.
Мелассадағы азотты заттардың құрамы 5-20% болады. Амин қышқылдары мелассаға тек 50-60%-ке ғана өтеді. Қызылшаның бетоині мелассаға жиналады. Қызылшада болатын амидтер – аспарагин және глутамин негіздің әсерінен аммиак және амин қышқылдарына дейін гидролизденеді. Мелассада келесі витаминдер кездеседі: биотин, тиамин, рибофлавин, пиридопсин, никотин қышқылы, пантотен қышқылы, фолиевий қышқылы және инозит.
Минералды заттар. Минералды заттардың орташа құрамы 8,5% болады. Басқа қоспалар. Олардың мөлшері едәуір көп болуы мүмкін. Қамысты меласса құрамы қызылшаға қарағанда үлкен ерекшелігі бар: сахароза аз, инвертті қант көп, раффиноза жоқ, түстілігі жоғары, буферлігі төмен, реакция әлсіз қышқылдары (рН 4,5-6 араласу 1:1), иісі қышқылдау. Оның құрамына сахароза, инвертті қант, органикалақ қант еместер, «таза» күл, сонымен бірге су, СаО, МgО, SiO2, SO3, Сl2, Na2О + Ғе2О3+Al2O3, Р2О5 кіреді.
Меласса шикізатты құрамына кіретіндер: құрғақ заттар 80%, сахароза 41-48%; инверттелген қант 1-4%; раффиноза 2%; ашитын қанттар 40-49%; жалпы азот 0,15-0,4%; күл 8-13%; күкірт диоксиді 0,01%. Витаминдердің құрамы: биотин 0,09-0,25; тиамин 0,04-0,19; пиридоксин 0,7-1,7; никотинамид 1,42,8; пантоген қышқылы 1,5-2,2; инозит 56-290; каллоид 0,6-1,8%. Шикізатты меласса рН-ы 5,6-7,5; түстілігі 0,6-6 мл-ге дейін, йод ерітіндісінің мөлшері 0,1 н-ге дейін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет