Беттер Кесте Сурет Әдебиеттер



бет17/41
Дата25.11.2023
өлшемі3.94 Mb.
#484446
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Дип.-Ашытқы-саңырауқұлақтарын (1)

2 Технологиялық бөлім


2.1 ­Өндірістің негізгі шикізаты- мелассаның құрамына сипаттама

Меласса –қызылша қантты өндірістің қалдығы болып табылады.


Сыртқы түрінен меласса қаралау түсті қою сұйықтық. Мелассаның орташа құрамы (%-пен есептегенде): су 18-25; құрғақ заттар 75-82; сонымен қатар: сахароза 45-50; инертті қант 0,5; раффиноза 2; ашымайтын заттар 35-40. Мелассаның сапасы бойынша нормальды реакциясы – ол әлсіз негіздік реакция. Мелассаның негізгі құраушы бөлігі сахароза болып табылады, ол спирт өндірісі жағдайында толығымен спиртке ашиды.
Қант қызылшасы – ең бағалы техникалық дақыл, оны қант алу және мал азығы үшін өсіреді. Қант қызылшасының сорттарының тамыр жемісінде орта есеппен 17-19% қант бар. Қант қызылшасының бағалылығы азықтық қызылшадан артық: оның 100 кг тамыр жемісінде 26 азық өлшем және 1,2 кг қорытылған протеин, 0,5 кг кальций және 0,58 кг фосфор болады. Тамыр жемісінің 300 ц/га өнімінде және 150 ц/га жапырағында 10500 азық өлшемі бар. Қызылшаның жапырақтары ауадан көмірқышқыл газдарын алып, алғашқы рет қант құрайды. Қант қызылшаның түбіне жиналады. Тамыр жемісінің қанттылығы көбінесе қанттың тіршілігіне байланысты.
Меласса - дегеніміз центрифугада сахароза кристалдарын бөлу кезінде алынатын соңғы ерітінді. Мелассаның құрамында химиялық тазалауда жойылмайтын қызылша немесе қант құрағының шырынының қант еместері және кристалиязацияның классикалық әдістерінен баяу экономикалық тиімді емес сахароза кіреді. Қант қызылшасынан қантты өндіргенде сусызына есептегенде меласса шығыны оның мелассасынан 3,5-5%-ке дейін өзгереді. Мелассамен бірге өңделетін қызылшада болатын барлық қанттың 10-15% бөлінеді. Бастапқы шикізаттың түріне байланысты қант өндірісі үшін қызылшаны және қамысты мелассаны қолданылады. Елімізде қант құрағы өспейді, бірақ қант зауыттарында қызылшадан кейін-ақ қантта шетелден алынатын қант шикізаты өңделеді. Осыдан алынатын мелассаны шикізат деп атайды. Меласса карамельдің иісіне, қоңыр түсті қоймалжың сұйық, қызылшалы мелассаның беотинның ыдырауы кезінде түзілетін триметиламин және басқа да ұшқыш аминдердің иісі болады. Меласса ең жақсы шикізат болып табылады. Оның құндылығы мынада: оның құрамында қантпен бірге ашытқылардың тіршілік етуі үшін қажет барлық заттар бар. Мелассаны қайта өңдегенде технологиялық сызба жеңілдейді.
Қызылша мелассасы қиын, күрделі және тұрақсыз химиялық құрамға ие. Химиялық құрамы вегетациялық топырақ-климаттық жағдайларға, енгізілген тыңайтқыштарға, жинау әдістеріне, сақтау жағдайы мен ұзақтығына, қант пісіру технологиясына және басқа да факторларға байланысты. Мелассаның құрамында орта есеппен 80% құрғақ заттар және 20% су болады. Мелассаның осындай құрамын ескере отырып, судың едәуір бөлігі коллоидтар ерітіндісінде, сахароза молекуласында және минералды заттардың иондарының гидротация нәтижесінде байытылған жағдайда болады. Мелассадағы құрғақ заттар центрифугадан кейін 85% болады.
Сахарозаның мелассадағы құрамы 48-62% болады. Негізінде мелассаны сахарозамен қаныққан ерітінді деп есептейді, бірақ ол өте қаныққан болады. Инверттелген қант глюкоза және фруктозаның эквимолекулярлық сандарының қоспасы. Мелассада глюкоза көбірек. Үш сахаридтен раффиноза (0,5-2,0 %), гестоза және неогестоза (0,5-1,6%), пантеоза (0,01%) кездеседі. Спиртке толығымен сахароза инверттелген қант және манноза ашиды.
Құрамында N жоқ заттар. Құрамында N жоқ заттарға сахарозадан басқа мелассаның барлық қанттары, химиялық және термиялық қанттардың декструкциялық өнімдері және органикалық қышқылдар жатады. Инверттелген қант, әсіресе фруктоза негіздік ерітінділерде қант өндірісінде қыздырғанда тез ыдырайды. Моносахаридтердің ыдырауынан ұшпайтын боялған қышқылдар – глютинді, аллоглютинді сахарумды милиасинді және гуминді, сүт құмырсқа және сірке қышқылдары. Карамельдер – сахароза және моносахаридтердің ыдырауы кезінде түзілетін күрделі қоспа өнімдерінің жинақталған атауы. Меланойдинтер – редуцирленген қанттардың аминқышқылдарының химиялық әрекеттесуінен алынатын күрделі қоспа өнімдерінің жинақталған атауы. Қызылшаның органикалық қышқылдарының көп бөлігі ерімейтін тұздар (щавель, лимон, оксилимон, шарап) диффузионды шырын құрамынан бөліп шығарылады. Мелассаға негізінен әкпен тұнбайтын қышқылдар өтеді: глутарь, малон, адилин, үш карбоксил, сүт және алма қышқылдары. Ұшпайтын май қышқылдарынан кездесетіндері: капрон, каприл,каприн, лаурин және пальмитин қышқылдары.
Мелассадағы азотты заттардың құрамы 5-20% болады. Аминқышқылдары мелассаға тек 50-60% ғана өтеді. Қызылшаның бетоині мелассаға жиналады. Қызылшада болатын амидтер – аспарагин және глутамин негіздің әсерінен аммиак және амин қышқылдарына дейін гидролизденеді. Мелассада келесі витаминдер кездеседі: биотин, тиомин, рибофлавин, перидоксин, никотин қышқылы, пантотен қышқылы, фолиев қышқылы және инозит.
Қант қызылшасының шығындылығы мен қанттылығы оның сортына, тұқымының сапасына, себу әдістер мен мөлшеріне байланысты. Қызылшадан қант алу өндірісіндегі қалдық – меласса.
Химиялық құрамы жағынан меласса сахароза мен бейсахарозаның концентрленген ерітіндісі болып табылады. Мұнсыз ары қарай қантты қызылша өндірісінен кәдімгі технологиямен бөліп алуға болмайды.

Зауыттан алынатын мелассаның құрамы келесідей (массаға, %):


Құрғақ заттар 82,0


Сахароза 48,4
Бейсахароза 33,6
Су 18,0

Меласса бағалы өнім болып есептеледі, сондықтан халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Айтар болсақ нан ашыту өндірісінде мелассаның 14% спирт өндірісінде, ерітінділер мен тағам өндірістерінде 62%, мал шаруашылығында 22 %, т.б. 3 % қолданылады.


Ашытқы зауыттарына меласса біркелкі құрамында әкелінбейді. Сондықтан ашытқы өндірісінде олардың құрамындағы аммоний азотын анықтау маңызды.
Меласса құрамындағы аммоний азоты 0,4% болған жағдайда ашытқылар тез жиналып, жоғары сапаға ие болады.
Толық құрамды мелассада қанттың құрамы жоғары болады (48-50%) және микроорганизмдер көбеймейді. Мелассаны сумен араластырғанда микроорганизмдердің көбеюі үшін қолайлы жағдай жасалынады.
Кей жағдайда мелассада ашытқы саңырауқұлақтары торулопсис, кандида, зең саңырауқұлақтары аспергиллус, пенициллиум, және мукорда да табады.
Меласса құрамы қанттау кезінде өзгереді. Мезгіл басында алынатын меласса ашытқы өндірісіндегі қажеттіліктерде қанағаттандырады, яғни құрғақ заттар, жалпы және аммоний азоттары, калий, кальций, магний және микробиологиялық құрамдары бойынша.
Мезгіл соңында алынған мелассаның құрамында бір қатар кемшіліктер болады, яғни азот, аммоний азотының кем болуы мен кальций құрамының жоғары болуы және микроорганизм санының тым көп – 15 мың болуы байқалады.
Мелассаның бұлай өзгеруі технологиялық процестің өзгеруімен сипатталады, яғни қант алу технологиясында мұздату мен қызылшаны еріту кезінде жүреді.

8 кесте – Нан ашытқысын алу үшін мелассаның құрамы келесідей болуы қажет (% бойынша)





Құрғақ заттар концентрациясы

75 кем емес

Тік поляризация бойынша қант құрамы

46-50

Инвертті қант

2 кем емес

Сапалылығы

55-65

Меласса реакциясы, рН

6,5-8,5

Жалпы азот

1,4 кем емес

Аммоний азоты

3

Зола

7,0

Кальций

1,0 жоғары емес

Магний

0,15 кем емес

Калий

3,5

Биотин мкг/кг

200

Нитрит түзуші бактериялардың активтілігі

24 жоғары

1 г мелассадағы микроорганизм саны, шт

10000 көп емес

Ұшқыш қышқылдар

1,2

Түсі, 0,1 н. мл йод ерітіндісі

2,0 көп емес





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет