Беттерінше шыгармашылыќпен жїмыс Істеу /сЗлану, табу/ ќзбілет-терін дамыту мјселесін басты чысаиа етіп алєан дїрыс



бет4/11
Дата20.05.2022
өлшемі215.5 Kb.
#458272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
kur -bastauysh-synyptarda-oqushylarga-qazaq-tilinin-morfologijalyq-zhuyesin-oqytu-26

Жалғаулар

Жекеше

Көпше

Көптік




  • лар, - лер

  • дар, - дер

  • тар, - тер

Тәуелдік І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ

  • м, - ім, - ым;

  • н, - ңыз, - ңіз;

  • ы, - і, - сы, сі;




Жіктік І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ

  • мын, мін;

  • сын, сін;

  • мыз, - міз;

  • сыңдар, - сіңдер;

Септік: Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес

  • ның, /-нің/, - дың, /-дің/

  • ның, /-тің/;

  • қа, - ке, ға, ге,

  • на, - не, - а, - е

  • ны, - ні, - ды, - ді,

  • ты, ті;

  • да, -де, -та, -те

  • нан, - нен, -дан,-ден,-тан,-тен,

  • мен,-бен,-пен


Сондықтан мұғалім жалғаулардың барлық түрлерін өтіп болған соң, сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшыларға арнап бір-екі жинақтау сабағын өткізгені дұрыс. Мұндай сабақтар сөз құрамына, сөздердің бір-бірімен байланысына оқушылардың саналы түрде назар аударуын қалыптастырады. Әрі толық мәніндегі морфологиялық талдау жұмысына дайындық жасала бастайды.


4-сыныпта «Сын есім», «Сан есім», «Етістік»туралы оқушылардың мағлұматтары бұрынғыдан да кеңейе түседі. Олар енді бұл сөз таптарының дара және күрделі түрлерін мүшелері туралы ұғымдар мен ұштасып, оқушалардың сөйлеу және жазу жұмысы жүйелі болып, күрделі сөйлемдерді пайдалана білуіне жеткізеді.
Сондай-ақ оқушыларға осы сыныпта етістіктің шақтары туралы алғашқы мағлұмат береді. «Үстеу», «Шылау» сияқты сөз таптарымен де алғаш рет танысады. Әсіресе, оқушыларға шылау мен шылау тұлғалас қосымшылардың жазылу ерекшеліктерін меңгертудің маңызы зор. Өйткені бұл кезеңде, кейін «Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем» тақырыбын өткенде де жалғаулық шылаулалдың жиі пайдалануға тура келеді. Тәжірибеде байқалып жүргендей, бастауыш сынып оқушылары жіберетін емлелік қателіктердің бір тобы – осы шылау мен шылау тұлғалас қосымшылардың бір-бірінен ажырата білмеулеріне тығыз байланысты.
Сонымен бастауыш мектепті оқушы тілдің морфологиялық жүйесі туралы белгілі бір дәрежеде мағлұмат алып шығады. Олар бағдарламалық талаптар бойынша, негізгі сөз таптырын тұрған жалғауларды да едәуір меңгертеді. Сөздерді түбірге, қосымшаға, жұрнаққа, жалғауға бөліп, қарапайым морфологиялық талдау жасауды да біледі.
Оқушылардың тілдің морфологиялық жүйесінен алған бұл мағлұматтар мен дағдылары кейінгі «Сөйлем» тарауында берілетін ұғымдармен ұштастырылып, оларды өз ойларын еркін баяндап, айта және жаза білетін дәрежеге жеткізуге тиісті. Бағдарламалық талып – осы. Бірақ бұл талаптың қандай дәрежеде орындалатыны мұғалімнің шеберлігіне, сабақты әр тақырыптың өзіндік сипатына сай ұйымдастыруына және тиімді әдістерді қолдана білуіне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет