Беттерінше шыгармашылыќпен жїмыс Істеу /сЗлану, табу/ ќзбілет-терін дамыту мјселесін басты чысаиа етіп алєан дїрыс



бет10/11
Дата20.05.2022
өлшемі215.5 Kb.
#458272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
kur -bastauysh-synyptarda-oqushylarga-qazaq-tilinin-morfologijalyq-zhuyesin-oqytu-26

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:



Бөліктін оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады,

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады.
Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
Автор оқырманды қалай қызықтырады?
Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түріңде.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістін тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастрылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет