Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет24/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

әмірлеріне дұрыс қарамады...Әрбір моғол әмірі өз қалаулары бойынша күн 
кешті. Сыртқы саяси жағдайы да мәз болмады. Моғол-қалмақ қатынастары 
көп жағдайда соғыс пен өзара жорықтармен шектеліп отырды.
Қалмақтардың тонаушылық сипаттағы жорықтары елді күйзеліске 
ұшыратты. Сондықтан да Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға 
келуіне Есен Бұға хан қарсылық білдірмейді, қайта олардың келгеніне қатты 
қуанады. 
ХV ғ. ортасында Мәуреннахрға шығыстан Есен Бұға хан қауіп төндірсе, 
оңтүстік-батыстан Әзірбайжан мен Иранның солтүстігіндегі билеушісі Қара-


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Қоюнлу әулетінің ұрпағы Жахан шах та, Ақсақ Темір ұрпақтарынан Хорасан 
аймағын қайтарып алуды ойластырады. Бірақ Мәуреннахр билеушісі Әбу 
Саид бұл қатерден оңай құтылады. Себепкер болған Есен Бұға ханның туған 
ағасы Жүніс сұлтанның Хорасанда болуы еді. Міне, осы Жүніс сұлтанды Әбу 
Саид хан Есен Бұға ханға қарсы қолданады, ал өзі Хорасаннан Жахан шахты 
кетіруге барлық күшін жұмсайды. Жүніс сұлтанның Моғолстанға іргелес 
орнығуына байланысты енді қауіп Есен Бұға ханға төнеді. Енді оған ең басты 
қауіп қалмақтардан емес, әмірлердің бағынбаушылығынан емес, туған ағасы 
Жүніс сұлтаннан төнеді. Дәл мұндай жағдай Керей мен Жәнібек 
сұлтандардың Моғолстанға келуіне өте қолайлы болады. Керей мен Жәнібек 
сұлтандардың Моғолстанға келуінен Есен Бұға хан да, екі сұлтан да 
ұтылмайды. Есен Бұға хан өзінің хандық билігін қайтыс болғанша дейін 
(1462 жыл) құрды, ал екі сұлтан болса жаңа мемлекеттің – Қазақ 
Хандығының негізін қалады. 
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе және Моғолстан мемлекеті мен 
Әбу Саид мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар Әбілқайыр 
хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары, олардың даму барысы, бәрі ХV 
ғасырдың 50 жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына саяси 
алғы шарттар әзірлейді. Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға 
көшіп келуін баяндайтын мәліметтер екі шығармада ғана бар: Біріншісі – 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегі; Екіншісі - Махмуд 
Ибн Уәлидің «Бахр ал-асрар фи манасиб ал-ахйар» еңбегі. Мұхаммед Хайдар 
Дулати мен Махмуд Ибн Уәли мәліметтерінде Әбу Саид ханның Есен Бұға 
ханға қарсы Жүніс сұлтанды қолдануы, не себепті Қазақ хандығының 
Моғолстанның батыс бөлігінде пайда болғандығы, алғашқы қазақ ханы кім 
болғандығы және «қазақ» атауы не үшін Керей мен Жәнібектің соңынан 
ерген адамдарға қолданғандығы туралы фактілер көп кездеседі. 
Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасынан ХVІІІ ғасырдың басына дейін 
біртұтас мемлекет болып, Дешті Қыпшақ пен Мәуреннахрдағы қуатты елдің 
біріне айнала бастайды. Дәл осы дәуір Қазақ хандығының территориясы 
жағынан кеңею, халқының саны жағынан өсу, мемлекеттілік тұрғыдан нығаю 
кезеңі болды. Сонымен бірге, Қазақ хандығының нығаю процесінде ерекше 
рөл атқарған тарихи тұлғалардың – Бұрындық, Қасым хандардың, Әдік, 
Қамбар, Махмұт, Жиренше және басқада сұлтандардың іс-әрекеттері, 
олардың қосқан үлестері мейлінше зор болды. ХV ғ. соңғы – ХVІ ғасырдың 
алғашқы жылдары Дешті Қыпшақтың, Жетісудың және Мәуреннахрдың 
саяси картасына елеулі өзгерістер енеді. Мәуреннахрдағы Ақсақ Темір 
әулеттері билеген біртұтас мемлекет ХV ғасыр соңына таман үш тәуелсіз 
иелікке бөлініп, өзара соғыстар нәтижесінде ХVІ ғасырдың алғашқы жылы-
ақ өмір сүруін тоқтатады. Сондай-ақ, Жетісу мен Шығыс Түркістандағы 
Моғол хандығы ХV ғасырдың 90-жылдары екіге бөлініп, ХVІ ғасырдың 
басында Моғол хандарының билігі Жетісуға жүрмейтін болды. Керісінше, 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
осы кезең, Қазақ хандығы үшін сәтті жылдар болып, ол - кеңейіп, нығая 
түседі.
Керейден кейін ресми түрде қазақтың ханы Бұрындық болады. Жәнібек 
хан әулеттері Жәнібектің үлгісімен Бұрындыққа бағынды. Бұрындық хан 
билік еткен кезде қазақтардың саяси орталығы Сарайшық (Батыс Қазақстан) 
қаласы болады. Ал Жәнібектің ұлдарының ұлысы Мәуреннахрмен шекаралас 
территорияда болғандығын хабарлайтын мәлімет Исфаханидің «Михман 
наме-й Бұхара» еңбегінде бар. Деректер, біріншіден - қазақ қоғамында 
әкімшілік-территориялық ұйымының негізінде ұлыстық жүйе жатқандығын 
көрсетсе; екіншіден – билеушілер арасында жасырын қайшылықтың 
болғандығын байқатады, олар Бұрындық тобы және Жәнібек тобы. Шынайы 
келгенде Бұрындық қарсы топтың күшеюінен сескеніп, оларға қарсы іс-
әрекеттер жүргізе бастайды. Бірақ та, Бұрындық ханның жоспары іске 
аспайды, ХVІ ғ. басындағы оқиғаларда екі топтың арасы бірте-бірте ашылып, 
нәтижесінде хандықтағы саяси билікке екінші топ өкілдері келеді.
Осы мәселені шешу үшін, Қазақ хандығының ХV ғасырдың соңындағы 
территориясының Сыр бойы есебінен кеңеюіне тоқталайық. Түркістан 
аймағы үшін болған 1490-1495 жылдардағы ұрыстардың негізгі 
ауыртпалығын Жәнібектің ұлдары – Жиренше, Қамбар, Махмұт, Қасым, 
Әдік сұлтандар көтереді. Бұл факт ХV ғасыр соңында Түркістан аймағы және 
оған іргелес Дешті Қыпшақтың далалық жерлері Жәнібек хан ұрпақтарының 
ұлысы болғандығын көрсетеді. Осыдан шығатын қорытынды мынадай 
дәйекке келеді: біріншіден – Бұрындық осы соғысқа Жәнібек ұрпақтарын 
тікелей қатыстыру арқылы қарсыластарын әлсірету еді; екіншіден - өзінің 
болашақ тағын сақтап қалу. Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Соғыстың 
соңына таман Жәнібек хан ұлдарының әлсіремей, қайта күшейе түскендігі 
байқалады. Олардың ұлысы кеңейіп, нәтижесінде: шаруашылық, әскери, 
және саяси қуаты өседі. Бұрындық хан үшін бұл жағдайды өзгертудің бірден-
бір жолы Шайбани ханмен келісімге келу еді, кешегі «ата жауымен» 
одақтасуға мәжбүр болады.
ХVІ ғасырдың басында оқиға күрт өзгереді. Шайбани хан Мәуреннахрда 
билікке келеді, Моғолстан толық күйрейді. Сондай-ақ, Шайбани ханның 
1504-1511 жылдардағы Қазақ хандығына қарсы жасаған төрт жорығында 
Бұрындық хан дәрменсіздігін танытып, бірте-бірте саяси жолдан кете 
бастайды. Ал екінші топ сол кездегі ішкі-сыртқы өміріне белсене араласып, 
халық алдында үлкен беделге ие болады. Осы кезден бастап, Қазақ 
хандығында Жәнібек ханның ұлдары билікке келіп, Қазақ хандығы құлағанға 
дейін хандық құрады. Мұхаммед Хайдар Дулати өз еңбегінде Қасым ханның 
билікке келуі туралы: «Оның қуатының өскендігі соншалық, Бұрындық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет