Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру



Дата22.02.2016
өлшемі79 Kb.
#19
Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
А.Қ. Буканова , Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен əр түрлі əлеуметтік, экономикалық жəне саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.

Internet технологисы жылдам өзгеріп отырады. Internet-пен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр.



Сайттардан ақпарат алу үшін немесе есептерді орындау үшін жасалғандығы жайлы анықтап барып оның түрлеріне сипаттама береміз. Кей жағдайда құжатты–бағытталған және мәселелік (өрнектер) ерекшеліктеріне сәйкес айыруға болады. Құжаттық бағытталған немесе ақпараттық сайттар қолданушы үшін ақпаратты алу, бірақта интерактивтік жағынан шектеулі ғана мүмкіндігі бар болады. Қолданбалы немесе бағдарламалық бағытталған сайттар қолданушыға ақпарат алмасу немесе қандай да бір әрекеттерді жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, банкілік счеттан ақша аудару. Ал гибериттік сайттарда барлық функция түрлері бар. Гиберидтік сайт түрі қазіргі кезде ерекше дамысын табуда.

  • Қоғамдық сайт: Мұндай сайттарда мемлекеттік ақпараттар және жаңалықтар көрсетіледі. Мұндай сайттарда операцияларды байланыстыруға байланысты қолданушылар арасыннан өз ара әрекеттеседі.

  • Қызықты сайттар: Мұндай сайттар ойындар немесе басқада интерактивті тіл қызықтаушылық үшін құрылады. Сайттарды ұйымдастыру негіздеріне сүйеніп бөледі. Олар қандай да бір жағдаймен төлем төлейді немесе басқадай жағдайлармен қолдаулар көрсетеді. Мұндай түрлерге сайттың негізгі түрін алып негіз етіп салыстырамыз.

  • Сауда сайттары: Сауда жасауға, елмен қарым–қатынас жасауға, өз тауарларын жарнамалауға арналған сайттар және мұндай сайттар көмегімен электрондық коммерция мен тікелей айналысады.

  • Мемлекеттік сайттар: Мұндай сайт түрлеріне мемлекеттік жоғарғы органдар, мемлекеттік органдар жатады. Сайттың негізгі мақсаты қоғамға немесе заңға бағынышты болу, қажеттілігін қанағаттандыру.

  • Білім сайттары: Мұндай сайттар әр түрлі білім орындары университет, жоғарғы оқу орындары, мектептер сияқтылар жатады. Бұл сайт зерттеу және білім орындарын таныстыру мақсатында көптеп қолданылады.

  • Филантроптық сайттар: Филантроптық сайт коммерциялық емес сайттар немесе жеке адамдар, қоғамдық қарапайым мекемелер жатады.

  • Персональды сайттар: Бұл сайтқа кез–келген тұлға немесе адамдар тобы, кез – келген мақсатта жасалады. Олар еркін тақырыпта кез– келген жағдайда болуы мүмкін.

Сайттарды классификациялау күрделі мәселе. Мысалға, білім сайттары кей жағдайда басқадай мемлекеттік сайттарға кіруі мүмкін.

Визуальды классификациялар: Визуальды ерекшелігі мен сайттарды ерекшелейтін болсақ, біз диапозон мен жұмыс жасайтын боламыз. Сайттың енді бір жағына текстік құрамына көпрек мән береміз. Бірақта тек мәтінге ғана емес графикалық таныстырулар және бейнелерге көбірек көңіл бөлінеді. Internet–те 4 ең көп таралған дизайнерлік мектептер орналасқан.

  • Текст бағытталған сайттар: Мұндай сайттардың тексттік құрамына көбірек мән беру қажет. Мұндай сайтты жөндеу қиынға соқпайды, дизайыны онша қиын емес өте қарапайым.

  • GUI түріндегі сайттар-: (Graphic User Interface) бұл сайт түрі қолданушы сайт интерфейсі мен байланысты, бағдарламалық жобалық жабдақтауы кіреді. GUI–бағытталған ортасында қарапайым сайттар бар. Басқаша айтқанда GUI–ге қосылатын компанентке байланысты.

  • Метафоралық сайттар: Метафоралық сайттар көбінесе өмірлік мысалдардан алынады. Мысалы, дизайн машиналарға байланысты болуы мүмкін. Метафоралық сайттар жалпы жағдайда визуальды немесе интерактивті емес болады.

- Тәжірибелік сайттар: Мұндай сайтты жасаушылар, көрсетілген нормалдардан артық жасайды. Мұндай сайттарда шығармашылық жағдайына көбірек мән береді. Бұл дизайнерлік жағынан көптеген сайттарда қолданылады.

WEB–дизайндағы экрандық өлшем, бет өлшемдерін таңдау сайттың ең негізгі элементтерінің бірі беттер болып саналады. WEB беттер бір сайттың шектеуінде өзгеруі мүмкін. Беттердің көптігіне зерттеулер жасайтын болсақ беттерді бірнеше негізгі түрлерге бөліп қарастаруға болады. Мысалға, үй беттері, іздеу беттері, құрамды бет тағы сол сияқтыларды атап өтуге болады[1].

Беттердің үлкен кішісіне оның өлшемдеріне көптеген WEB–дизайн жасаушылары пікір таластырып келген. WEB–дизайндағы беттің жалпы көлемі белгілі ерекшеліктерге сәйкес жасалса ол адамның жұмыс жасау мүмкіндігін арттырады. Бетті жасау кезінде дизайнер ал дегенде оның негізгі түрлерін және оны жасау үлгісіне мән беру керек, және жасалып жатқан бетте ең маңызды ақпараттардың түгелдей сиып тұруы қажет. Ең негізгі шығармашылық белгілері беттің қарапайым көрінуімен қатар өзіндік ерекшеліктерін сақтап тұрады. Дизайнның мақсаты көрнекілік ғана емес қолданушыға жұмс жасап отырған кезде қиындықтар туғызбау.

Жалпы бет деген не? Бет дегеніміз WEB–сайттың негізі, басқаша айтқанда бет броузерлық терезеге шығатын сол бет. Бір бет URL–дың бір бетіне сәйкес келеді. Бүгінгі күнде барлығы оңай емес.

URL броузер терезесіне бір неше бетті қатар жүктей алады, және де WEB беттер бір неше ұсақ терезелерге бөлінген болуы мүмкін немесе фреймдерге. WEB сайыттарда жасалған әр бір бөлшек өз мәнін өзіне сақтап тұруы қажет, ол бөлшектердің әр қайсысын біріктіру кезінде өте көңіл бөлерліктей бір бірліктегі бет пайда болады. WEB–сайытты құру кезінде көңіл бөлетін маңызды мәселе әр беттерге жіберген сілтемелер қажетті ақпараттар сақтап тұрған болуы қажет, және қолданушы сол беттің құрылымын барымен қабылдап алу керек. Дизайнер үшін әр түрлі бөлшек жасау қажеттігі туады. Ол бөлшектер өз ара тең емес, кей біреулері үлкен бөлшектерден тұратын болса ал кей біреулері ұсақ бөлшектерден тұратын болады.

WEB беттер теориялық жағынан шексіз ұзын және кең болады. Басқаша айтқанда шексіз үлкен өлшем. Бұндай жағдайда қолданушыға қолайсыздық тудыруы мүмкін және баспаға шығару үшін тиімсіз. Сондықтан осы себептерге байланысты беттің өлшемі болуы тиісті. WEB–сайттың бетін таңдағанда сол бетке орналастырылған ақпаратқа байланысты жасалады. Егер қолданатын ақпарат көп болса бет үлкен болады, ал егерде ақпарат аз болса онда бет кішкентай болады. Егерде беттердің өлшемін шектейтін болсақ кей қажетті ақпараттарды жеке–жеке бөлшектерге бөлу керек болады. Бұл жасаушы үшін ең қолайсыз жағдай.

Жалпы компьютерлік өлшемде беттің көлемі 640 x 480 нүктелік, 800 x 600 нүктелік, 1024 x 768 нүктелік, 1280 x 1024 және 1600 x 1200 нүктелік өлшемінде болады. Кей жағдайда экрандардың өлшемі өте үлкен болады. Мысалға, WEBTV немесе Palm сияқтылар. 1.1 кестеде ең кең таралған беттер өлшемі көрсетілген. Осы беттердің өлшемдеріне сәйкес қазір WEB беттердің дизайыны жасалады.



Кесте 1. Экран бетінің өлшмдері.

Рұқсаттамасы

Құрамы

Түсініктеме

Бұл бетте 3 жолға 12 сәйкес келеді. Оның экрандық өлшемі 320 x 240 пиксель немесе мүмкін болатын ұялы телефон экранына сәйкес

Қол телефон (Ұялы телефон)

Рұқсатты пиксельдерге байланысты емес тек горизантальды жолдарындағы вертикалды сызықтарға да байланысты. Жүгіртіп көру қиын. Көбінесе мұндай беттер экранмен ғана жүктеледі.

320 x 240

Персональды сандық секратарь




640 x 240

WindowsCE - нің “Breast pocket” құраушы.

VGA экранның жартысы.

544 x 372

MSN TV/WEBTV

Оңға жүгіртіп көру мүмкін емес. Қажетті ақпаратты http://developer.msntv –көрсетілген WEB сайттынан анықтап алуға болады.

640 x 480

Компьютерлік (төменгі өлшемді) экрандық.

ЭЕМ - ның ең төменгі экрандық рұқсаты (сапасыз көрініс).

800 x 600

Компьютерлік (стандартты өлшемді) экрандық.

Экранға мүмкін болатындай өлшем. Мұны қолдануға болады.

1024 x 768

Компьютерлік (жоғарғы өлшемді) экрандық.

Өте үлкен кеңістік болғандықтан қолдануда қиындықтар туындауы мүмкін.

1152 x 864

Компьютерлік (экрандық ең жоғарғы өлшемі) экрандық.




1200 x 1024

Компьютерлік (экрандық ең жоғарғы өлшемі) экрандық.




1600 x1200

Компьютерлік (экрандық ең жоғарғы өлшемі) экрандық.



Жасаушы үшін дизайынның өлшемі өте маңызды роль атқарады. Егер қолданушының қолданып отырған компьютерлік экран беті стандартты болсада ол броузерлік бетте бүкіл экран бетін алауы мүмкін емес.

Жасаушы үшін экран өлшеміне сәйкестіріп жасаудың енді бір себебі қолданушы ол беттерді оңды, солды аударып жүргізуді онша ұнатпайды. Сондықтан қолданушы бетін түгелдей көрінісін қажет етеді.

Ереже: Беттерді өте кең жасау қажет емес. Ол қолданушыға қолайсыздық тудырады.

Егер беттің ені емес ұзындығы сәйкес келмейтін болса онда ол онша қиын емес, қолданушы мұндай жағдайда беттің көрінісіне қарай әрекет ететін болады. Жалпы статистика бойынша қолданушы көбінесе алғашқы бетте көрген қажетті және маңызды ақпараттқа ғана көбірек көңіл бөледі. Экрандық бетінен артық шыққан контрольдық нүктелерді (бүкпе яғни ағылшын тілінде Sold) атап үйренген баспалық дизайнда оны фальц деп атайды.



Ереже: Негізгі элементтерді көрінетін жерге орналастаруыңыз маңызды болуы.

Шрифт өлшемдері: Жапы бағдарламалар жүйеде қандай бір мәтінге шрифт өлшемін тоқтату үшін пункт (point) атты бірлікті қолданамыз. Пункт 1/72 дюйм қлшем бірлігімен өлшенеді. Беттерде мәтін өлшемдерін жазылған мәтіннің бастапқы нүктесінен аяққы нүктесіне дейінгі ара қашықтығын есептейді. Кей жағдайда өлшемдер экран беті немесе қағазға байланысты болады. Көп жағдайда символдың оптикалық өлшеміне Х биіктігімен есептейді. Мәтіннің көп бірлігі жолдық символдар, Х биіктік өлшеміндегі кіші шрифтілерден турады. Осынның барлығына қарамастан сайт беттерінде барлық әріптер өлшемі өз ара бірдей болады

Көптеген WEB–дизайнерлерде болатын енді бір өзекті мәселелердің бірі WEB–дизайнның әр түрлі броузер және платформадағы көрінісі, олардың әр қайсысы әр түрлі HTML және сценерияларды қабылдайды. Әрбір жаңа броузер іске қосылысымен олардың міндеттемелірі мен мүмкіндіктері өзгертіліп, кеңейтіліп отырады. Бірақ ол ескі броузерінің қажеттігі жоғалады деген мәселе емес. Бірақта көп жағдайда адамдар жаңа түрін көп қолдана бермейді. Олар барымен базар болады. Дизайнда дәл анықталған ереже жоқ. Негізгі мақсаты беттің құрамындағы ақпаратты максимальды дәрежеде тұтынушыларға тез арада жеткізу. Оларды жасау үшін жаңашыл технологияларды мүмкіндігі болғанынша қолдану. Нағыз дизайнерлердің шешімі тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, және сайт қалай жұмыс жасайтығындығына көз жеткізу.

Netscape Navigator және жалпы Internet әлемінде броузерлер алдыңғы орында жүреді. Netscape Navigator және Micrasoft Inetrnet Explorer қазіргі кезде 90% - ға жуық тұтынушы осы аталмыш броузерді қолданады. Олардың өз ара сайыстарының нәтижесі HTML тегилер жиыны және әр түрлі сәйкес емес технологияларды қолдану. Мысалы, бізге берілген Dynamic HTML, JavaScript және Cascading Steyle, Sleepts каскадты кесте түрлері. Басқа жағынан Netscape және Microsoft өз арасындағы бәсекелестегі WEB ортасын дамытуға көп үлесін қосты. Жалпы броузерлер түрлері көп. Кей жағдайда Netscape және Explorer–дің де кемшіліктері кездесіп жатады. Мұндай жағдайда басқа брозерлердің артықшылықтарын еске алады.

American Online броузері: AOL–қолданушылары мүмкін болатын жағдайға байланысты әр түрлі броузерінің бірін қолданады. (платформаға байланысты және AOL бағдарламалық қамтамасыздандыруға тікелей байланысты болады, кейбіреулері HTML–дің ең кіші мүмкіндігін қабылдайды.

American Online–ның ең соңғы версиясы 4-нші версия болып табылады. Мұнда Micrasoft Inetrnet Explorer броузерінің адаптирленген версиясын қолданады. Тек мәселе AOL–прокси серверінде және сурет қысу әдістеріне байланысты болады. AOL–да қолданылатын бейнелерді қысуға арналған әдістер. JPEG графикалық бейнесімен мәселе туындайды. Тағы бұл броузерде Java және CSS–ды қолдану мүмкін емес.

WEBTV–біздің пәтерлерге WEB–ті қарапайым телевизорлар көмегімен әкеліп қосады. TV–де WEB- ді көшіру үшін арнайы дайындалған броузерлер қолданылады. Ол синтаксистік анализді HTML–3,2 стандартына сәйкес жасаған. Мұнда фреймдерді көру мүмкін. Script, Active X немесе кез – келген басқа форматтарды қабылдай алады[3].

WEB–дизайның негізгі бес облыстық аспектілері бар.



  • Құрамы: Құылған сайттың құрамын ұйымдастыру бұл бөлімдегі мүмкін болатын диапозондарына тікелей байланысты. Дәлірек айтар болсақ текстің қалай жазылғандығына, қалай ұйымдастырылғанына, таныстыру және оның қандай технологиялар көмегімен құрылғандығына байланысты.

  • Көрнекілік: Бұл сайттың орналасу кеңістігі экранға байланысты болады. ML, CSS, Flash және графикалық элементтерін өрнектеуге арналған функциялар немесе навигациалардан тұратын бағдарлама түрлері. Сайттың визуальды жағы WEB–дизайнның ең негізі аспектілерінің бірі болып табылады.

  • Технологиясы: Бұл категорияда HTML және CSS WEB технологияларымен жасалған әр түрлі базалық бөлшектер жатады. Технология түсінігіне сайттағы интерактивті элементтеріде жатады. Ерекшелігі ретінде қандай бағдарламалық әдістерді қолдануына байланысты. Мысалға, JavaScript бағдарламасын атап өтуге болады.

  • Жеткізу: Сайтты интернет немесе ішкі корпоративті желілер арқылы жіберу жылдамдығы аппаратуралардың қолданылуы ішкі бағдарламалық жабдықтау және желілік архитектураға тікелей байланысты болады.

  • Мақсаты: Сайт құру әр қашанда экономикалық сұрақтарға байланысты болады, бұл WEB–дизайнның ең маңызды бөлігі.

WEB–дизайынның әрбір бөлшегі құрылып отырған сайттың түріне байланысты өзгеріп отырады.

WEB–дизайн компоненттерін пирамида метафорасы түрінде көрсетуге болады.



WEB пирамидасы: WEB–дизайн шекаралары және оның құрамдас бөлшектері керпіштер пирамиданы құраушы ал фундаментті көрнекілік көрінісі және технологиялары терең талап қойған. Барлық жағдайларды ескере отырып ең маңызды бөлік экономикалық бейнелеулерге негізделеді. WEB–дизайнерлер үшін сайттарын жасау кезінде жақсылап ойлану қажет. WEB технология біздің сайттың құрамын күрделендіре түседі. Бұл мәселелерді тиімді шешу үшін топтық жұмыс жасаумен қатар жүйелік орта туралы ойды қалыптастыру қажет. Көптеген дизайнерлер көп уақытын өз қажеттілігін қанағаттандыруға жұмсайды. Ол қолданушыға қолайлылығын көп ойластырады. Біздің WEB пирамида да керпіштерден жасалған пирамидаға ұқсас болуы мүмкін. Жалпы сайт дегеніміз пирамидаға өте ұқсас. Онда кіретін есігі бар, бірақ шығатын есігінің қайда екендігі белгісіз.

МАҚСАТЫ




WEB сайт пирамидасы.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі




  1. Зайнутдинова Л. Х. Создание и применение электронных учебников. Астрахань: ООО "ЦНТЭП", 1999. С. 364

  2. Уваров А.Ю. Электронный учебник: теория и практика. – М.: УРАО, 1999. - 243 c.

  3. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Информационное интегрирование и анализ образовательной области в разработке электронных средств обучения: Монография. – Алматы: АГУ им. Абая, 2002. – 100 с.

  4. Лоарер Э., Юто М. Когнитивное обучение: история и методы//Когнитивное обучение: современное состояние и перспективы. Под ред. Т. Галкиной и Э. Лоарера. Перевод с франц. И. Блинниковой. – М.: Издательство «Институт психологии РАН», 1997. – С.17-33.

  5. Околелов О.П. Дидактическая специфика современного вузовского учебника // Педагогика. — 2003. — № 10. — С. 20–25.

  6. Бостанов Б.Ғ. Болашақ информатика мұғалімдеріне электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалануды оқытудың әдістемелік негіздері/Бостанов Бектас Ғаниұлы. - 2009

  7. Беспалько В.П. Образование и обучение с участием компьютеров. – М.: Изд. Московского психолого-социального института, 2002. – 352 с.

  8. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании: учебное пособие для студентов высших учебных заведений. – 3-е изд., – М.: «Академия», 2007. – 192 с.

  9. Зимина О.В., Кириллов А.И. Печатные и электронные учебники в современном высшем образовании: Теория, методика, практика. М.: «МЭИ», 2003, – 167 с.

  10. Красильников И.В. Информационные аспекты разработки и применения в ВУЗе электронных учебных пособий. Монография. М.: «РХТУ», 2007. – 114 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет