Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл



бет34/88
Дата02.02.2022
өлшемі1.08 Mb.
#455055
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88
ҚАЗАҚ,ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАРДА АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ниет-пиғыл модальділігі

Сөйлеуші кісі қимылды жасауға субьектінің ынтасы ауғанның, ниеті түскенін білдіруі ниет модальділігі (модальность намерения) деп аталады. Мысалы, Менің жазғым келеді. Оның көргісі келеді. Бұл сөйлемдердің алғашқырларында сөйлеуші субьектінің қимылды жасауға ниетті екенін білдірген. Соңғы сөйлемде сөйлеуш өзінің қимылды жасауға ынталы екенін білдірген [85,282].

Ниет модальділігі түбір етістіктерге -ғым кел аналитикалық форманты қосылу арқылы жасалады. Бұл формант арқылы жасалған қимылдың кімге қатысты екені яғни жақ мағынасын -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағынан кейін жалғанатын тәуелдік жалғауы білдіреді. Мысалы, Ол шешесін бұрыннан бері көргісі келген.

Ниет модальділігі қимылдың өмірде болған, болмағанын, болатын, болмайтынын яғни қимылдың шындық өмірге қатысын білдірмейді. Ол тек сөйлеушінің қимылға қалай қарайтынын ғана білдіреді [85,286].

Сөйлеушінің қимылға қатысты ынтасы, ниеті қашан пайда болғанын білдіру үшін аналитикалық формантқа шақ көрсеткіштері жалғана алады. Мысалы, Сенің барғың келеді, оның оқығысы келеді және т.б. Олар қимылдың жасалған шағы емес, сөйлеушінің ниетінің пайда болған шағын ғана білдіреді. Бұл осы формантта рай форманты емес екенін дәлелдейді, өйткені бір етістік әрі қарай қалау рай, әрі ашық райдың шақ формаларында тұра алмайды. Сондықтан да тюрколог ғалымдар А.А.Юлдашев, қазақ тілі ғалымдарының –ғы кел формантын қалау райға жатқызбайды [85,287].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет