2.2.1. Ағылшын тіліндегі модаль етістіктері, модальді конструкциялар мен демеулік шылаулар
Модаль етістіктерінің ешбір етістіктің грамматикалық категориясы жоқ (түр және ырыс), олардың баяндауыштың көрсеткіші бола алатын тек шақ және рай формалары бола алады. Осыған және оның предикативті емес (инфинитив, герундий, причастие) формаларының жоқ болуына байланысты модаль етістіктері ағылшын тіліндегі етістіктер жүйесінің шегінде тұрған жоқ.
Сөйлемде модаль етістіктері қызметтік функцияларын атқарады. Олар негізгі етістікпен берілген іс-әрекеттің мүмкіндігін, қабілетін, ықтималдығын білдіреді. Олар іс-әрекетті емес, ал тек модальді қатынасты білдіретіндіктен, олар ешқашан сөйлемнің мүшесі бола алмайды. Модальды етістіктер әрқашан тек тұйық етістігімен (инфинитив) үйлесіп, сөйлемде күрделі модальді баяндауыш бола алатын тіркестерді құра алады [128].
Этимологиясына келетін болса, модаль етістіктері претерито-презентті болып келеді. Модаль етістіктерің басқа етістіктеріне тән барлық формалары жоқ болғандықтан тапшы немесе жеткіліксіз етістіктер (Defective Verbs) болып табылады. Оның ашық райдағы, осы шақтағы, жекеше түрдегі 3 жақта -s флексиясының жоқтығы тарихи түрде түсіндіріледі: осы шақтың қазіргі формаларыбір кезде өткен шақтың формалары болған, ал қткен шақтың 3-ші жағында мүлдем жалғау болмаған. Must, should, ought to, will-would, may-might, need модаль етістіктері болжамның түрлі реңктерін білдіре алады. Ғалымдар модаль етістіктері обьективті шындықты, ал қыстырма сөздер субьективті шындықты білдіреді деп болжайды. Can және may етістіктері мүмкіндіті, must, should, might етістіктері міндеттілік мағынасынан басқа, perhaps, possibly, probably, certainly сықылды қыстырма сөздердің мағынасымен тығыз байланысты мүмкін және ықтимал іс-әрекетті білдіреді [128,21].
Ағылшын тіліндегі модаль етістіктер бірнеше модальді мағынаға ие болуы мүмкін.
Модаль етістіктері мен қыстырма сөздер бірге қолданылғанда, осы жағдайда біз синонимдік құрылымдарды кездестіреміз. Сөйлемдерде модаль етістіктері құрамдас модальды баяндауыш деп аталатын тіркесті құратын тұйық етістіктігімен (перфекті немесе перфекті емес инфинитивпен) үйлеседі. Модаль етістіктері жеке сөйлем мүшелері ретінде қолданыла алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |