ОАЗИС (Оазис) – бекет, Бейнеу ауданы. Орыс тіліндегі оазис – «қҧлазыған шӛлдің
ортасындағы тҧщы суы бар, ӛсімдік ӛсетін кӛгеріс жер».
ОБА (Оба) – мола, Мҧнайлы ауданы. Ғ.Қоңқашпаев: «оба – «жотаға не жазық жерге
жинаған, ҥйілген тас», – дейді. Э.Мурзаев
оба сӛзі
моңғол тіліндегі овоо, обоо –
«ҥйінді, ҥймек», «тӛбе», «тас ҥйіндісі», «қорған» екенін айтқан (Э.Мурзаев, 1984, 401).
Атаудың мағынасы: «тас ҥйіндісі бар мола».
ОҒЫЛАНДЫ (Огланды) – киелі ор.,
Қарақия ауданы, Ҥстірттің оңт. кӛлемінде.
Оғландыда Бекет ата мешіті мен бейіті орналасқан. «
Оғлан кӛне тҥркі тілінде
– сәби,
бала, ҧл; оғул + ан кішірейту мәніндегі жҧрнақ» (Э. Севортян, 1974, 412).
Атау
оғылан
(зат есім) + ды (бір нәрсенің бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын
жҧрнағының қосылуы арқылы жасалған.
Аңыз бойынша, ол – бала әулие делінеді.
С.Қондыбай Оғыланды атауы туралы: «С.Поляков «оғлан сӛзінің
осы аймақта жиі
кездесетініне
мән бере отырып, осы атты иеленген
тарихи соңғы адам Тоқтамыс
ханның әкесі, XIV ғасырдың 50-60 жж. Маңғыстаудың билеушісі – Тҥйеқожа-оғлан
екендігін атап ӛтеді. Ал Әбіш Кекілбаев Оғыландының әлгі Тҥйеқожа-оғланмен
байланысты болу ықтималдығын ескерткен болатын» – дейді (С.Қондыбаев, 2000, 39).
Ӛйткені орта ғасырларда әскер басыларын , хандарды оғлан деп атау дәстҥрі болған.
Осы мәліметтерге сҥйенсек, атау:
«Тҥйеқожа-оғлан
жерленген,
яғни хан жерленген
қорым» болуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: