Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет195/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   333
ТАРҦЙЫҚ (Таруйык – аңғ., Маңғыстау ауданы. Атау тар (сын есім) және ҧйық (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тартпа, ми батпақты шағын 
алқап».
ТАСАСТАУ (Тасастау) – қ., Бейнеу ауданы. Атау тас (зат есім) және астау (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «басында тастан жасалған мал су 
ішетін астауы бар қҧдық». 
ТАСБАС (Тасбас) – қ., кен ор., сай, Қарақия, Маңғыстау ауд-да. Атау тас (зат есім) 
және бас (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «таспен 
шегенделген немесе тасты жерден қазылған сулы қҧдық». 
ТАСБОЛАТ (Тасболат) – алқ., мҧн.-г.конд. кені, Қарақия ауданы. Антропоороним. 
ТАСИЗЕН (Тасизен) – тҧз. қ., Қарақия ауданы. Атау тас (зат есім) және изен (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Изен – «жіңішке жапырақты алабҧта 
тҧқымдасына жататын шӛптесін ӛсімдік». Мағынасы: «изен қалың ӛскен тасты 
жердегі қҧдық». 
ТАСҚАБАҚ (Таскабак) – қыс., Бейнеу ауданы. Атау тас (зат есім) және қабақ (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «алдыңғы беттегі тасты жердегі 
қыстау». 
ТАСҚОҢЫР (Тасконыр) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау тас (зат есім) және қоңыр 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. К.Қаймулдинова: «оронимдер 
қҧрамындағы «қоңыр» ежелгі тҥркі-моңғолдық «қара» (тӛбе, тау) дегеннің синонимі 
болып табылады; бҧл мағынасында топонимдерде постпозицияда, яғни соңғы лекте 
тҧрады», – деп кӛрсетеді. Сонда атаудың мағынасы: «тасты тӛбе немесе тау». 
ТАСҚҦДЫҚ (Таскудык) – қ., Маңғыстау, Бейнеу ауд-да. Тереңдігі – 3 м. Атау тас 
(зат есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тасты 
жерден қазылған қҧдық». 
ТАСҚЫНБАЙ (Таскынбай) – тӛбе, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «жанында 
жаңбырдан соң сел жҥретін сусыз арнасы бар тӛбе» . 
ТАСМОЛА (Тасмола) – мола, Қарақия ауданы. Атау тас (зат есім) және мола (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тастан салынған мола». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет