Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет227/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   333
ШОЛАҚТАМ (Шолактам) – қ., маз., Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Атау шолақ (зат 
есім) және там (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Шолақтың 
(адам аты) мазары болуы мҥмкін. 
ШОЛТАНБҦЛАҚ (Шолтанбулак) – қ., Қарақия ауданы. Мағынасы: «Шолтанның 
бҧлағы». 
ШОҢ (Шон) – б., киелі ор., Маңғыстау ауданы. Кӛне тҥркі тілінде шоң – «ҥлкен, зор» 
деген мән береді, сондай-ақ адам, ру аты болуы да мҥмкін. Сонда атаудың мағынасы: 
«ҥлкен бҧлақ немесе Шоңның бҧлағы».
ШОҢАЙ (Шонай) – қ., Маңғыстау ауданы. Геногидроним. Адай атадан Тобыш, одан 
– Ораз, одан – Жайық, одан – Әлменбет, одан Шоңай тарайды. Мағынасы: «Шоңай 
руының қҧдығы». 
ШОПАНАТА (Шопаната) – қ., б., киелі ор., Қарақия ауданы. Антропонекроним.
Шопан ата, аңыз бойынша – Қожа Ахмет Йассауидің шәкірті болып есептеледі. 
ШОРЫМ (Шорым) – мола, қ., тереңдігі – 6 м., Маңғыстау ауданы. Шорым – 
тҥрікмен диалектісінде – «тҧзды» деген мағына береді. (С.Атаниязов, 1988, 134). 
Э.М.Мурзаев: «тҥрікм., қырғ., азерб. тілдерінде шор – «сор, кепкен тұзды кӛл» деп 
жазады (Э.М.Мурзаев, 1984, 630). Сонда Шорым атауы – «ащы сулы құдық» деген 
мағына береді.
ШОРЫМҚАПЫ (Шорымкапы) – аңғ., Маңғыстау ауданы. Атау шорым (сын есім) 
және қапы (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «сортаң, тҧзды 
суы бар аңғар». 
ШОТАН (Шотан) – қ., қау., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. Шотан батырдың 
қаздырған қҧдығы. Шотан Назарҧлы (1705-1785) – батыр. Шамамен 1725-30 ж. Есекей 
Есенғҧлҧлы, кете Әжібай, беріш Есболай, таз Ақпандар бастаған 60 ҥйдің ішінде 
Маңғыстау, Ҥстіртке келіп, тҥрікменнің Қҧтылық Сейіт, Ӛгізше батырларын жекпе-
жекте жеңген. Шотанның батыр атағын шығарған қалмақтармен болған ҧрыстар 
(Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 612). 
ШОТЫҚБАЙ (Шотыкбай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет