АҚШИҚАН (Акшикан) – қон., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және шиқан (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Э. және В. Мурзаевтардың «Словарь местных
географических терминов» кітабынды: «Шихан – «қҧмды адырлар, тӛбе» деп тҥсінік
берілген (Э. и В. Мурзаевы, 259). Мағынасы: «сусымалы қҧмды тӛбедегі қоныс».
АҚШОЙМАҚ (Акшоймак) – аласа тау, абс. биіктігі 92 м. Ақтау жотасының
солтҥстігінде. Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және шоймақ (зат есім) сӛздерінің
бірігуінен жасалған. «Ақ тасты дӛңгелек тӛбе» мәніндегі атау» (Жеріңнің хаты -
еліңнің хаты, 567).
АҚШОҚЫ (Акшокы) – қ., тӛбе, Бейнеу, Маңғыстау ауд-да, д., Тҥпқараған ауданы.
Ақ (сын есім) және тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шоқы дегеніміз –
«формасы конус тәрізді қырат немесе басы сҥйірлене біткен тау» (Г.К.Конкашпаев,
1951, 41). Атаудың мағынасы: «алыстан ағарып кӛрінетін, басы сҥйірлене біткен,
конус формалы тӛбе және сол тӛбе жанынан қазылған қҧдық».
АҚШОРА-БЕЛТҦРАН (Акшора-Белтуран) – еск. маз., Тҥпқараған ауданы. Кісі
есімдерінен қойылған. Мазарлар, халық арасында тараған аңыз бойынша, бір-біріне
қосыла алмаған қос ғашық – қазақ жігіті мен тҥрікмен қызына тҧрғызылған.
АҚШҦҚЫР (Акшукыр) – а., қ., Тҥпқараған, Қарақия ауд-да. Ақ (сын есім) және
шҧқыр (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шҧқыр – қазылған, ойылған жер.
Атау «ақ отты ойпаңдау жер» мәнін береді.
АҚШЫҒАНАҚ (Акшыганак) – тҥб., Бозашы тҥбегінің шығысында. Ақ (сын есім)
және шығанақ (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шығанақ – теңіздің
қҧрылыққа сҧғына еніп жатқан бӛлігі (Қазақ тілінің сӛздігі, 746). Мағынасы: «теңіздің
қҧрылыққа сҧғына еніп жатқан ақ тҥсті тасты, борлы бӛлігі».
АҚШЫМЫРАУ (Акшымырау) – қ., а., Маңғыстау ауданы. Тереңдігі 14 метрдей.
Ақ (сын есім) және шымырау (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шыңырау деп
– тереңдігі 5-6 м. асатын ӛте терең қҧдықтарды айтады. Қҧдық қазылған жердің
топырағы ақ болғандықтан Ақшымырау болып аталып кеткен (С.Әбішҧлы,76).
Достарыңызбен бөлісу: |