Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет83/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   333
ЖЕТІБАЙ (Жетыбай– кент, Қарақия ауданы. Жетібай – сол жерде байдың малын 
баққан малшы жігіттің есімінен қойылған деген болжам бар. Біздің пікірімізше, атау 
жеті (сан есім) және бай (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Татар 
гидронимиясын зерттеген Ф.Г.Гарипова бай - «ӛзен, қҧрғақ арна», ал Орталық Азия 
топонимиясында: «қҧрғақ арна» «сусыз аңғар» мағынасында қолданылады» деп 
кӛрсетеді (Ф.Г.Гарипова, 26). Сонда атаудың мағынасы: «қатар жатқан жеті немесе 
кӛп сусыз, қҧрғақ арна, сай» болады. 
ЖЕТІКҤП (Жетыкуп) – аңғ., Маңғыстау ауданы, Ақтау жотасының солтҥстігінде. 
Атау жеті (сан есім) және кҥп (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Кҥп - 
(парсы сӛзі) сай тҧйығындағы асты тастақты, шҧңғыл, су жиналатын орын (Ә.Спан, 
Ж.Дҥйсенбаева, 194 ). Атау кҥптің санына байланысты аталған. 


ЖЕТІҚАҚ (Жетыкак) – жер аты. Атау жеті (сан есім) және қақ (зат есім) сӛздерінің 
бірігуі арқылы жасалған. Қақ – «шӛл жерлердегі шҧқырларда іркіліп қалған жауын-
шашын суы». Мағынасы: «жеті шҧқырда іркіліп жатқан жауын-шашын суы». 
ЖЕТІҚЫЗ (Жетыкыз) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау жеті (сан есім) және қыз (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жеті қыратты тӛбе жанындағы 
мола» (қараңыз: ЖАМАНҚЫЗ). 
ЖЕТІҚЫЗДЫҢ ТАУЫ (Жетыкыздын тауы) – тау, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: 
«жеті жалды, жеті қыратты тау». 
ЖЕТІТӚБЕ (Жетытобе) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау жеті (сан есім) және тӛбе (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жеті тӛбелі жерден қазылған 
қҧдық». 
ЖИДЕАҒАШ (Жидеагаш) – қон., Қарақия ауданы. Атау жиде ағашының кӛп ӛсуіне 
байланысты қойылған. 
ЖИДЕЛІ (Жиделы) – қ., Маңғыстау ауданы; қор., Қарақия ауданы. Мағынасы: «жиде 
ағашы кӛп ӛскен жердегі қҧдық, қорым». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет