АЛМА (Алма) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
АЛТА (Алта) – қ., Маңғыстау ауданы. Этногидроним.
АЛТЫАПАН (Алтыапан) – қ., Бейнеу ауданы. Атау алты (сан есім) және апан (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Апан деп – «ауызы кең, суы тайыздан шығатын
қҧдықты» айтамыз (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 183). Бҧл жерде бір-біріне жақын алты
қҧдық болғандықтан берілген атау.
АЛТЫБАЙҚАЗҒАН (Алтыбайказган) – қ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «Алтыбай
қазған не қаздырған қҧдық».
АЛТЫҚҦДЫҚ (Алтыкудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау алты (сан есім) және қҧдық
(зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Бір-біріне жақын алты қҧдық болғандықтан
берілген атау.
АЛТЫҚҦЛАН (Алтыкулан) – қ., Бейнеу ауданы. Атау алты (сан есім) және қҧлан
(зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қҧланға қатысты оқиғамен байланысты
берілген атау.
АЛТЫҚҦЛАШ (Алтыкулаш) – қ., Бейнеу ауданы. Атау алты (сан есім) және қҧлаш
(зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қҧдықтың тереңдігіне қатысты берілген
атау.
АЛТЫҚҦЛАШӘУЛИЕ (Алтыкулашаулие) – к. қор., Ақтау қаласының 13 ш.а. солт.
кӛне қорым. Ол – Адайдың Бәйімбет-Жәдігерінен шыққан, кӛріпкелдігімен, емсек-
сынықшылығымен аты шыққан Нҧрмағамбет әулиенің аты делінеді (С.Қондыбаев,
2000, 14).
АЛТЫМОЛА (Алтымола) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау алты (сан есім) және
мола (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау сол жердегі алғаш алты моланың
болуымен байланысты аталған болу керек.
АЛТЫНӘЛІ (Алтыналы) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним.
АЛТЫНҚАЗҒАН (Алтынказган) – м., Маңғыстау ауданы. Атау алтын (зат есім)
және қазған (етістік) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Сол жерде бҧрын алтын
қазғандықтан немесе басқа пайдалы қазбаға қатысты берілген. Сондай-ақ Кіші жҥзде
Алтын руы да кездеседі.
АЛТЫНТӚБЕ (Алтынтобе) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау алтын (зат есім) және
тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Кӛнетҥркі тілінде алтын – «тӛмен,
тӛменгі жақтағы» мәніндегі сӛз деп берілген (ДТС, 40). Егер осылай деп ҧйғарсақ,
атаудың толық мағынасы: «тӛменгі жақтағы тӛбе» болады.
|