Прохлада,
Скалистый т.б. кездеседі.
Негізгі тілдік қабат қазақ тіліне тән топонимдерді қамтиды. Бҧл қабат та тҥрлі тарихи
жағдайларда қалыптасқан, тіліміздің тӛл топонимдері болып табылады. Қазақ тіліне тән
атаулар қоршаған ортаның сипаты мен қазақ этносының тарихи-мәдени, саяси-әлеуметтік
ӛмірінен мол мәлімет береді (Аққұдық, Қолтық, Сарыжал, Қауынды, Жаужол,
Қамысбай қорымы, Қарақия, Қарашқазған, Беласқан, Бердалы, Күйекжал, Теріскенді
т.б.). Олар негізінен ру-тайпа атауларынан, ӛлкеге танымал батыр, би, ру басы,
қарапайым еңбек адамдарының есімдерінен, тарихи оқиғаға, тҥрлі шаруашылық
қызметіне байланысты, жер-бедері атауларынан қойылған.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері ономастика саласына тиісті кӛңіл бӛлініп келеді.
Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 қаулысымен
бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік онамастикалық жҧмыс
тҧжырымдамасының» жарық кӛруі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы тіл
туралы» заңына 2005 жылдың қаңтарынан бастап ӛзгертулер мен толықтырулар енгізілуі
– соның дәлелі. Осы заңның 11-бабында: «...облыстық ӛкілді және атқарушы органдар
бірлескен шешімімен: тиісті аумақтағы халықтың пікірін есепке ала отырып және
аудандардың жергілікті ӛкілді органдардың ҧсыныстары бойынша кенттердің,
ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің атаулары және оларды қайта
қарау, сондай-ақ олардың атауларының транцкрипциясын ӛзгерту мәселелерін шешеді...
делінген.
Маңғыстау облысында да бҧл бағыттарда нақты жҧмыстар жҥргізіліп жатыр, кейбір
тоталитарлық дәуірдің атаулары ӛздерінің тарихи атауларымен қауышты. Мәселен,
Шевченко – Ақтау, Октябрск – Бостан, Куйбышев селолық Кеңесі – Жыңғылды, Калинин
селолық Кеңесі – Жармыш, Новый-Узень – Жаңаӛзен, Ералиев ауданы – Қарақия ауданы
т.б.
Сонымен облысымызда ономастикалық жҧмыстар, негізінен, ҥш бағытта жҥргізіліп
жатқандығын байқауға болады: біріншіден, ҥстемдікпен ӛзгертілген топонимдер байырғы
тарихи атауларымен алмастырылса, екіншіден, транцкрипциясы бҧрмаланған немесе қате
жазылған жер-су атауларын қайта қалпына келтірілуде; ҥшіншіден, отаршылдық-
тоталитарлық сипаттағы елді мекендер, білім, мәдениет ҧйымдарының атауларын қайта
атау жолымен жҥргізіліп отырған бастама алдағы уақыттарда да жалғасын табуы тиіс.
Топонимдердің
лексика-семантикалық топтарын зерделегенде географиялық
атаулардан халықтың басынан кешкен ерекше оқиғалары, олардың мәдени, рухани
ӛмірінен ақпарат беретін фактілерді кӛптеп кездестіруге болады. Маңғыстау ӛңірі
топонимдері: 1) қоршаған ортаның физика-географиялық сипатын кӛрсететін
топонимдер; 2) адамдардың шаруашылық, тҧрмыстық іс-әрекеттері мен қоғамдық
қатынастарын кӛрсететін топонимдер болып жіктеледі.
1. Қоршаған ортаның физика-географиялық сипатын кӛрсететін топонимдер –
қоршаған ортаның физика-географиялық ерекшеліктерін, ӛсімдіктер, жануарлар
дҥниесін, географиялық нысанның кӛлем, тҥр, тҥс, орналасуына байланысты қойылған
атауларды ( Аққұдық, Сұлутӛрткіл, Тесіктас, Доңға, Балқұдық, Жезді, Борлысуат,
Жыңғылды, Шилісай, Арқартӛбе, Үкікүп, Сарытаған, Қоңырорпа, Жүзадым, Алтыапан,
Қосбайыр т.б.) қҧрайды.
2. Адамдардың шаруашылық, тҧрмыстық іс-әрекеттері мен қоғамдық қатынастарын
кӛрсететін топонимдерге осы ӛңірді мекендеген халықтың тҧрмыс-тіршілігін, тайпа, ру,
адам аттарын, халықтың рухани, мәдени ӛмірінен хабар беретін топонимдер ( Түйесу,
Наркеткен, Кезқора, Қызылқала, Бескӛң, Тақыр, Ақтебіздің соры, Ақшымырау,
Қасқатұран, Ұзынбас, Жаманорпа, Арпалы, Қауындыой, Сәлменбӛгет, Күйекжал, ,
ОмарТұр күмбезі, Қосарқан, Шопаната, Қараманата, Мәмекқазған, Мырзабайшапқан,
Достарыңызбен бөлісу: |