Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет41/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   333
БАЗАРЛЫ (Базарлы) – қ., Маңғыстау ауданы. Парсы тіліндегі мағынасы «сауда-
саттық орны», ауыспалы мағынасы «қуаныш, қызық, думан» (Н.Оңдасынов, 42). 
Базарлы атауы – «ҥлкен сҧранысқа ие, мал кӛп суарылатын қҧдыққа» байланысты 
қойылған. 
БАЗЫГҤРЛІ (Базыгурлы) – ойыс, Қарақия ауданы. Атау баз (сын есім) және гҥрлі 
// ғҧрлы (шылау) сӛздерінң бірігуі арқылы жасалған. Баз – «дымқыл, ылғал» мәніндегі 
сӛз (ҚӘТС, 566) гҥр – кӛнетҥркі сӛздігінде, «мола». Сонда атаудың мағынасы: 
«маңында моласы бар сулы ойыс». 
БАЙ (Бай) – қыс., Маңғыстау ауданы. Татар гидронимиясын зерттеген Ф.Г.Гарипова 
бай – «ӛзен, қҧрғақ арна», ал Орталық Азия топонимиясында: «қҧрғақ арна» «сусыз 
аңғар» мағынасында қолданылады» деп кӛрсетеді (Ф.Г.Гарипова, 26). Сонда атаудың 
мағынасы: «сусыз арнадағы қыстау». 
БАЙБОСЫН ҚОРА (Байбосын кора) – қон., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим.
БАЙҒҦС (Байгус) – мола, Маңғыстау ауданы. Байғҧс қҧсының кӛп болуына 
байланысты аталуы мҥмкін. 
БАЙДА-ЖӚҢГІЛ (Байда-Жонгиль) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
Сҥйінғара қырғынында қосарымен кеткен Жанақ руынан шыққан қос батыр.
БАЙДІЛДӘ (Байдилда) – м., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим. 
БАЙЖАНМОЛА (Байжанмола) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. Руы 
Дәулеталы Нәрікҧлы Байжан жерленген қорым. Соғыс жылдарынан кейін Тҧщықҧдық 
ауылдық Кеңесінің тӛрағасы болған. 
БАЙЖАУЫН (Байжауын) – қор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним. 
БАЙЗАҚ (Байзак) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
БАЙКҤШІК (Байкушик) – қ., Бейнеу ауданы. Этногидроним. 
БАЙҚАСҚА (Байкаска) – қон., Маңғыстау ауданы. Этноойконим. 
БАЙҚҦДЫҚ (Байкудук) – қ., Бейнеу ауданы. Атау бай (сын есім) және қҧдық (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудағы бай сӛзі – қҧдық суының 
молдылығын сипаттап тҧр немесе «қҧрғақ сусыз арнадан қазылған қҧдық» мәнін 
береді (қараңыз: БАЙ). 
БАЙҚҦЛ (Байкул) – қор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним. Байқҧл – кӛрік басып, 
темірлерді қайысша иіп, одан тҧрмысқа қажетті бҧйымдарды дайындайтын әулие адам 
болған. Бір шапқыншылықта тҥрікмендер оны кӛрік ҥйінде іс соғып, қазан шегелеп 
отырған жерінде ӛлтіріп кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет