ЖІҢІШКЕКЕБІР (Жинишкекебир) – сор, қон., Бейнеу ауданы. Атау жіңішке (сын
есім) және кебір (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жіңішке
келген кепкен сортаң жер».
ЖІҢІШКЕҚҦМАҚ (Жинишкекумак)– қон., Маңғыстау ауданы. Атау жіңішке
(сын есім) және қҧмақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«жіңішке келген ҧсақ тӛбешікті, жартылай ӛсімдік басқан қҧмды қоныс».
З ЗЕЛЕНЫЙ (Зеленый) – шығ., Тҥпқараған ауданы. Орыс тіліндегі зеленый – «жасыл»
мағынасындағы сӛз. Бҧл жер жасыл желекті, әртҥрлі ӛсімдік ӛсіп кӛкжасыл болып
кӛрінетіндіктен берілген атау.
ЗЛИХА (Злиха) – қ., мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
ЗОРБАЙ (Зорбай) – сай, Маңғыстау ауданы. Геноороним. Зорбай – Адай тайпасының
Тобыш руынан тараған аталарының бірі. Мағынасы: «Зорбай руының қоныстанған
сайы».
И ИЖЕ (Иже) – шатқ., Қарақия ауданы. Ижеатауында И сӛзі «ылғал», «су»
мағынасында қолданылады. Ал –же кішірейту мәнін беретін кӛне жҧрнақ. Сонда
атаудың мағынасы: «суы аз шатқал немесе кішкене сулы шатқал».
ИЖЕСОР (Ижесор) – сор, Қарақия ауданы. Мағынасы: «ылғалды сор» (қараңыз:
ИЖЕ).
ИЗЕН (Изен) – шатқ., Мҧнайлы ауданы. Изен – «жіңішке жапырақты алабҧта
тҧқымдасына жататын шӛптесін ӛсімдік». Мағынасы: «изен шӛбі қалың ӛскен
шатқал».
ИЗЕНДІ (Изенды)– қ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «изен қалың ӛскен жерден
қазылған қҧдық».
ИМАҒАНБЕТ (Имаганбет) – қ., Маңғыстау ауданы, Бозащыда. Тереңдігі – 10-12 м.
Антропогидроним.Имағанбет байдың қаздырған қҧдығы.
ИМАНБАЙ МАЗАР-ТАМЫ (Иманбай мазар-тамы) – там, Бейнеу ауданы.
Антропонекроним.
ИНТЕРНАЦИОНАЛ (Интернационал) – жҧрт, Тҥпқараған ауданы. Кеңес дәуірінен
қалған атау.