Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет10/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

АДЖЫҚҦЙ (Аджыкуй– қ., Кендірлі-Қиясай Ҥстіртінің оңт.-бат. бӛлігінде. Қарақия 
ауданы. Аджы (сын есім) мен қҧй (зат есім) сӛздердің бірігуінен жасалған атау. Аджы 
(кӛне тҥріктің сӛзі) // ажы – суы ащы, бірақ мал ішуге жарамды қҧдықтарға қарата 
айтылып, солай жер атауы болып қалыптасып кеткен: Ажы – Севортянның сӛздігінде: 
«ащы, ащы су, шипалы су» делінген (Э.В.Севортян, 89). Ал «Қҧй деген сӛз кӛне тҥркі 


және моңғол тілдерінде құд  құды – құйы – құй болып келетін, қазіргі қазақ тіліндегі  
құдық деген мағынада қолданылатын сӛзбен тӛркіндес, яғни құй сӛзі жоғарыда 
айтылып ӛткен кӛне тҥбірінің бір тҥрі» (Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сӛздігі, 
132). Бірқатар тҥркі тілдерінде қҧдықты құй - кьую дейді. Ноғайша қуйы, қҧмықша 
къую, тҥрікменше гуйы. Құй сӛзі ӛлкеміздегі қҧдық атауларында сақталып қалған: 
Ақшақұй, Үшқұю, Сайқұй т.б. қҧдық атаулары кездеседі. «Қҧд (-ық) – қҧй – қҧйы 
сӛздеріндегі д мен й дыбыстарының алмасып келуі тҥркі тілдерінде бар қҧбылыс. 
Қҧдық дегендегі – ық жҧрнағы – етістіктен зат есім тудыратын жҧрнақ» (Қазақ тілінің 
қысқаша этимологиялық сӛздігі, 132). Сонда атау «суы ащы қҧдық» деген мән береді. 
АЖАР (Ажар) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
АЖЫРЫҚТЫОЙ (Ажырыктыой) – қ., шатқ., Маңғыстау тҥбегінің шығыс бӛлігінде. 
Қарақия ауданы. Ажырық+ты (туынды сын есім) және ой (зат есім) сӛздерінің 
бірігуінен жасалған. Маңғыстаудың сортаң және шӛлді ӛңірлерінде ӛсетін ажырық 
ӛсімдігіне байланысты аталған. Мағынасы: «ажырық кӛп ӛсетін ойдағы қҧдық немесе 
қоныс». 
АЗАМАТ (Азамат) – сор, қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
АЙБҤЙІР (Айбуйир) – қон., Бейнеу ауданы. Атау ай (зат есім) және бҥйір (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қияқтанып туған айдың бҥйірі 
сияқты жер», жер бедеріне байланысты аталған. 
АЙҒЫР (Айгыр) – қор., Тҥпқараған ауданы. Ғалымдар мал аттарымен байланысты 
атаулар топонимдерде мағыналық жағынан басқа сипатқа ие болатынын айтады: 
«Айғыр сӛзі «ҥлкен», «биік», «ірі» мағынасын береді» (Қаймулдинова, 36-37). Сонда 
атаудың мағынасы: «ҥлкен қорым». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет