АЙДАРҦШҚАН (Айдарушкан) – мола, қон., Ҥстірт жазығының батыс бӛлігінде.
Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «шошақ болып ҥйілген тасы бар ҧшпалы қоныс».
АЙМӘМБЕТ (Аймамбет) – мола, Бейнеу ауданы. Антропонекроним.
АЙНАЗАРӘУЛИЕ (Айназараулие) – қор., Тҥпқараған ауданы. Адайдың Тобыш –
Бәубек руынан шыққан, ӛзінің мергендігімен де, қасиетімен да аты аңызға айналған
Айназар әулие жерленген қорым. Айназардың айдаһарды ӛлтіруі, перілерді жеңуі
туралы аңыздар ел аузында сақталған.
АЙПАН (Айпан) – тау, қон., Ақтау жотасының солтҥстігінде. Маңғыстау ауданы.
Оңтҥстік – батысқа қарай доғаша иілген таудың ҧзындығы – 5 км. Атау ай (зат есім)
және ҥндіирандық пан (ман) – тау деген сӛзінің бірігуінен жасалған десек (қараңыз:
МАҢҒЫСТАУ), мағынасы: «ай формасындағы тау».
АЙРАҚТЫ, Жаманайрақты (Айракты) — тау, Батыс Ҥстірт кемерінің (шыңының)
қиыр солт. – бат. және Ӛліқолтық сорының тҥйіскен жерінде орналасқан. Маңғыстау
ауданы. Абс. биіктігі 148 м. Айрақты атауын Е.Қойшыбаев айрық (екіге айырылған)
сӛзімен байланыстыра қарастырады (Е.Койчубаев, 19). Біздің пікірімізше, кӛне тҥркі
тілінде (оғыз) айрақ «арқар» (Туркменско-русский словарь, 34) + лы (бір нәрсенің бар
екенін білдіретін) туынды сын есім тудыратын жҧрнақ – «арқарлы», яғни арқары кӛп
тауға қатысты айтылып, атау Айрақты болып қалыптасқан.
АЙРАНТАҚЫР (Айрантакыр) – алқ., мҧнай кені, Маңғыстау ауданы. Кен орны 1989
жылы ашылған. Айран (зат есім) және тақыр (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған.
Айрантақыр топониміндегі «айран» салыстырмалы тҥрде жердің тҧздылық дәрежесін
кӛрсететін термин болып табылады. Тақыр – «басқа ӛңірде шӛп шықпайтын қу медиен
жердің баламасы ретінде айтылатын бҧл сӛз Маңғыстауда қардың еріген суы, не
жауыннан тҥскен су іркілетін ризық кӛзі ретінде жақсы реуіште айтылады. Сонда
атаудың мағынасы: «жауын, қар суы ҧзақ жататын, табаны шӛп ӛспейтін саз, тҧзды
шҧңғыл ой тҥбіндегі тегістік» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 208).
Достарыңызбен бөлісу: |