Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет108/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ҚАМЫРАН (Камыран) – жер аты. Азербайжан топонимиясында комур – «тау 
басындағы тар, жыралы жер» (Э.К.Мехралиев, 80), ан – «орын, ауыл».
ҚАМЫСБАЙ ҚОРЫМЫ (Камысбай корымы) – қау., Маңғыстау ауданы. 
Антропонекроним. Алғашқы Қамысбай Тӛлекеҧлының зираты салынуымен 
байланысты аталған. «Ертеректе Қамысбай Тӛлекеҧлы дейтін дәулетті адам ел 
жайлауға шыға, кӛш-жӛнекей дҥние салыпты. Руластары ел ішінде ҥлкен бделді 
адамды сонау артта қалған ата қауымға – марқҧмның бабалары жатқан зиратқа 
жерлегенді жӛн кӛреді. Ӛлік артқан қаралы кӛш ізінше кейін бҧрылады. Шілденің 
ыстығына шыдай алмаған мҥрде жол-жӛнекей бҧзыла бастайды. Қаралы кӛш қазіргі 
зират тҧрған қара жонға кідіруге мәжбҥр болады. Ӛлік сонда жерленеді. Сол кҥннен 
бастап әлгі жон Қамысбай атанып кетеді (Ә.Кекілбайҧлы, 7 том, 300). 
ҚАМЫСҚҦДЫҚ (Камыскудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қамыс (зат есім) және 
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қамыс – астық тҧқымдасына 
жататын кӛп жылдық шӛптесін ӛсімдік. Мағынасы: «қамысты жердегі қҧдық». 
ҚАМЫСТЫ (Камысты) – қапы, тау, Маңғыстау, Қарақия ауд-да. Мағынасы: «қамыс 
қалың ӛскен тау, тау аңғары». 
ҚАМЫСТЫ-КЕЛЕҢДІ (Камысты-Келенды) – сулы сай. Оңтҥстік Ҥстіртте. Ну 
қамыс ӛсетін табанының біраз жері қорысты-батпақты болып келетіне орай солай 
аталған (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 360).
ҚАМЫСТЫСАЙ (Камыстысай) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қамысты (сын есім) және 
сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қамыс қалың ӛскен 
сайдағы қҧдық». 
ҚАМЫСШОҚЫ (Камысшокы) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау қамыс (зат есім) 
және шоқы (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қамыс қалың 
ӛскен шоқы, аласа тау». 
ҚАМЫСШЫҢЫРАУ (Камысшынырау) – қ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «қамыс 
қалың ӛскен жердегі терең қҧдық». 
ҚАНАБАЙ (Канабай) – қ., тӛбе, абс. биіктігі 258м. Қарақия ауданы. 
Антропогидроним. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет