Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет106/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ҚАЙЛЫ (Кайлы) – қ., сор, Маңғыстау ауданы.
ҚАЙНАР (Кайнар) – қ., б., Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Қайнар – «судың шымырлап 
шығып жатқан жері, бҧлақтың басы, бастау» (ҚТТС, 5т. 532). 
ҚАЙНАРБАЙ (Қайнарбай) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. Бӛкен 
Дәулекенҧлы Қайнарбай қазған қҧдық. 
ҚАЙРАҚТАУ (Кайрактау) – жота, Маңғыстау ауданы, Ақтаудың жотасы. Атау 
қайрақ (зат есім) және тау (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қайрақ – 
«жҧқалау келген, кіші-гірім жалпақ тас». Мағынасы: «қайрақ тасты тау». 


ҚАЙЫРЛЫ (Кайырлы) – қ., қыс., Маңғыстау ауданы. Атау қайыр (зат есім) және –
лы (бір нәрсенің молдылығын білдіретін аффикс) жҧрнағының жалғануынан жасалған. 
Мағынасы: «ҧсақ тас қиыршық қҧмды жер». 
ҚАЙТБАС (Кайтбас) – қор., Қарақия ауданы. Мағынасы: «қайта келмейтін
тірілмейтіндер қорымы» немесе антропонекроним. 
ҚАЙЫП (Кайып) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
ҚАҚПАҚТЫ (Какпакты) – қ., дӛң, б., Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Мағынасы: 
«жалпақ дӛң» және «жалпақ дӛңнен қазылған қҧдық, тегіс жерден аққан бҧлақ». 
Ғалым Ж.Дҥйсенбаева: «Қақпақы деген аты жерінің тастақты, қақпақтай тегістілігіне 
қарай айтылса керек деп топшылаймыз» – дейді (Ж.Дҥйсенбава, 2002, 160). 
ҚАЛА (Кала) – қ., Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «қҧз шыңнан қазылған немесе 
қала маңынан қазылған қҧдық». Қҧз шыңнан қазылған қҧдық деуіміздің себебі, ноғай 
тілінде қала сӛзі – «қҧз, шың» (Ногайско –русский словарь, 140) мағынасын береді. 
ҚАЛАМҚАС (Каламкас) – а., мола, кен орны, Тҥпқараған ауданы. Антрпоойконим. 
Қаламқас – қыздың есімінен қойылған атау. Аңызда: «Қаламқас – киік аулауға 
арналған орға атымен қҧлап қаза болған» делінген. Қыз жерленген алқап соның 
атымен аталып кеткен.
ҚАЛДАЯҚОБА (Калдаякоба) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «жаңбыр 
кезінде су тҧратын жыра, ор, сайдың аяқ жағындағы тас ҥйіндісі» (қараңыз: 
ҚАЛДЫЖАР). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет