Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет114/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ҚАРАҒАНДЫ (Караганды) – сай, қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «қараған 
ӛсімдігі қалың ӛскен сай» немесе «ағын сулы сай».
ҚАРАҒАНСАЙ (Карагансай) – қҧр. арна, Қарақия ауданы. Атау қараған (зат есім) 
және сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қараған ӛсімдігі 
қалың ӛскен сай» немесе «ағын сулы сай».
ҚАРАҒҦЛ (Карагул) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
ҚАРАДЕРМЕН (Карадермен) – оқшау тӛрткіл, абс. биіктігі 316 м. Маңғыстау 
ауданы. Атау қара (сын есім) және диірмен (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы 
жасалған Дермен иран тілдерінде дарбанд (дербенд) «тас асуы, сай, қорған» 


мағыналарында қолданылады (Ермекбаев, 115). Атауды «қара тасты тӛрткіл» деп 
тҥсінеміз. 
ҚАРАДУАН (Карадуан)  – шатқ., б., Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім) және 
дуан (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Дуан – тҥркі, моңғол тілдерінде 
дыбыстық тҧрғыдан тҥрлі тҧлғада айтылып, «тау асуы, бел кезең» деген мағынаны 
білдіреді (Т.Жанҧзақ, 79). Мағынасы: «қара тасты тау асуы, бел». 
ҚАРАЕСПЕ (Караеспе) – қыс., Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім) және еспе 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Еспе деп Маңғыстауда «сай бойындағы 
кӛзі қайраңнан шығатын тайыз қҧдықтарды айтады» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 190). 
Сонда атаудың мағынасы: «сулы тайыз қҧдығы бар қыстау». 
ҚАРАЖАЛ (Каражал) – шатқ., Тҥпқараған ауданы. Атау қара (сын есім) және жал 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «топырағы қара, тасты 
жал». 
ҚАРАЖАН (Каражан) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
ҚАРАЖАМБАС (Каражамбас) – а., кен ор., Тҥпқараған ауданы. Атау қара (сын есім) 
және жамбас (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Жердің атауын жергілікті 
халық ертеде тҥйелер жерге аунағанда, жамбастарының қара болғандығынан 
аталғанын айтады. Мҧнда топырақтың қара болуын халық жерге жақын жатқан 
мҧнайға байланысты тҥсіндіреді. Шынында да, Қаражанбас кен орынында басқа кен 
орындарына қарағанда мҧнай жақыннан ӛндіріледі екен. Дегенмен атау жер бедеріне 
байланысты қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет