Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет117/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ҚАРАҚОЛҚА (Караколка) – қора, қон., Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім) 
және қолқа (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Е.Қойшыбаевтың пікірінше, 
атау этимологиясы: таудың (биік жердің) бір жақ бҥйіріндегі, мал жайылатын отты 
жеріндегі қоныс». 
ҚАРАҚОРҒАН (Каракорган) – бекініс. ор., Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім) 
және қорған (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қара тасты тау 
немесе қамал». 
ҚАРАҚУЫСТЫҚ (Каракуыстык) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім) 
және қуыстық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қара тасты 
кӛзден таса қалтарыс жерлері бар тау». 
ҚАРАҚҦДЫҚ (Каракудык) – қҧдықтар, мҧн.кені, Тҥпқараған, Қарақия, Маңғыстау, 
Бейнеу ауд-да. Атау қара (сын есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы 
жасалған. Қара сӛзі гидронимдердің қҧрамында «ойпаттау, саздау, тегіс жердің 
астынан шығып ағатын су», «терең», «таза», «суы мол» деген мағыналарда 
қолданылады. Сонда атаудың мағынасы: «суы мол, мӛлдір сулы қҧдық». 


ҚАРАҚҦЗ (Каракуз) – б., Тҥпқараған ауданы. Атау қара (сын есім) және қҧз (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ҥлкен таудың биік шыңынан 
аққан бҧлақ». 
ҚАРАҚҦЙ, Әументай (Каракуй) – қос там, Бейнеу ауданы. Атау қара (сын есім) 
және қҧй (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Қҧй деген сӛз кӛне тҥркі 
және моңғол тілдерінде құд - құды – құйы – құй болып келетін, қазіргі қазақ тіліндегі  
құдық деген мағынада қолданылатын сӛзбен тӛркіндес, яғни құй сӛзі жоғарыда 
айтылып ӛткен кӛне тҥбірінің бір тҥрі. Бірқатар тҥркі тілдерінде қҧдықты құй - кьую 
дейді. Ноғайша қуйы, қҧмықша къую, тҥркменше гуйы. Құй сӛзі ӛлкеміздегі қҧдық 
атауларында сақталып қалған. Қҧд (-ық) – қҧй – қҧйы сӛздеріндегі д мен й
дыбыстарының алмасып келуі тҥркі тілдерінде бар қҧбылыс. Қҧдық дегендегі – ық 
жҧрнағы – етістіктен зат есім тудыратын жҧрнақ» (Қазақ тілінің қысқаша 
этимологиялық сӛздігі, 132). Атаудың мағынасы: «суы мол, мӛлдір сулы қҧдық 
жаныдағы мола». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет