Бибатпа Кӛшімова


ҚАСҚАТҦРАН (Каскатуран) –



Pdf көрінісі
бет127/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ҚАСҚАТҦРАН (Каскатуран) – тҧран, Маңғыстау ауданы. Атау қасқа (сын есім) 
және тҧран (сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тау ҥстіндегі, 
су жиналатын шӛп ӛспеген ойпаң жер». 


ҚАСҚЫРБҦЛАҚ (Каскырбулак) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қасқыр (зат есім) және 
бҧлақ (сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау бҧлақ маңында қасқыр 
кездесуі себепті аталған. 
ҚАСҚЫРЖОЛ (Каскыржол) – жота, Маңғыстау ауданы. Атау қасқыр (зат есім) 
және жол (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Топонимдік мағынасы: «осы 
тӛңіректе қасқыр бар екендігін аңғартатын атау». 
ҚАСЫМ (Касым) – қыс., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим. 
ҚАСЫМТАМ (Касымтам) – мола, Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним.
ҚАТЕМАТА (Катемата) – киелі ор. Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним. Қатем 
(Қатам) XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырыдың жартысында ӛмір 
сҥрген, арғы тҥбі  қожа (араб), Маңғыстау халқына ислам дінін ҥйреткен, уағыздаған 
мҧсылман діні иесі. 
ҚАТПАС (Катпас) – сор, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «кеппейтін, қҧрғамайтын 
сор». 
ҚАТША (Катша) – қ., м., Ҥстіртте. Антропогидроним. «Медет Қомшабайқызы 
Қатшаның қазасы осы қҧдықтарға байланысты екен, соған сәйкес су кӛзі «Қатша» 
болып аталыпты» делінеді (С.Әбішҧлы, 99). 
ҚАУЫНДЫ (Кауынды) – ойыс, қыс., қ., Қарақия ауданы. Қауын (зат есім) + ты 
(туынды сын есім жасап, сол нәрсенің барлығын білдіреді) сӛздерінің бірігуі арқылы 
жасалған. Бір кездерде осы жерде қауын егілгендіктен осылай аталып кеткен. 
ҚАШЫҚАҚМАЯ (Кашыкакмая) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау қашық (сын есім) 
және ақ (сын есім), мая (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«алыстағы бір ӛркешті ақ тӛбе». 
ҚИСЫҚҚҦДЫҚ (Кисыккудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қисық (сын есім) 
және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қисық 
шегенделген қҧдық» болуы мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет