Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет124/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ҚАРАШАЙЛЫ (Карашайлы) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім) және 
шайлы (сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. С.Қондыбай чай (шай) атауын: 
«Тҥркі тілінің оғыз-селжук диалектісініде «чай, шай» – су, сулы сай» дегенді 
білдіретін сӛз деп кӛрсетеді (С.Қондыбай, 25) Сондай-ақ Иран топонимиясындағы 
географиялық терминдердің сӛздігін қҧрастырған В.И.Савинаның еңбегінде чай – 
«тҥркіше ӛзен, тау ӛзені» деп беріледі. (В.И.Савина, 1971, 244). Осы тҧжырымдарға 
сҥйене отырып, атаудың мағынасын: «қасында сулы бҧлағы бар мола» деп 
топшылаймыз. 
ҚАРАШАҚАТЫН (Карашакатын) – киелі ор., Маңғыстау ауданы. «Қарашақатын – 
Адайдың Кеще руынан, оның Қожағҧл тарауынан шыққан әулие адам» делінеді. 
ҚАРАША САУРА (Караша Саура) – аңғар, Маңғыстау ауданы. Атау қараша (сын 
есім) және саура (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ә.Спан саура – «биік 
жартасты жарып шығатын тҧщы су кӛзі», – деп анықтама береді (Ә.Спан, 
Ж.Дҥйсенбаева, 217). Ал кӛнетҥркі тілінде: сау – «таза, ауызсуы» деген мағынаны 
білдіреді (ДТС, 480). Ал ра/рә – «ӛте, аса» мәнін береді (С.Омарбеков, 122). Сонда 
атаудың мағынасы: «суы ӛте таза, ауызсу кӛзі». 
ҚАРАШҚАЗҒАН (Карашказган) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қараш (зат есім) және 
қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ру атынан қойылған атау. Адай 
атадан Тобыш, одан – Ораз, одан – Шегем, одан Қараш тарайды. Атаудың мағынасы: 
«Қараш руының адамы қазған қҧдық», яғни Қараш Бейнеубай Қҧлшарҧлы қазған 
қҧдық. 
ҚАРАШОЙ (Карашой) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау Қараш (зат есім) және ой 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Геноороним. «Қараш руының ойдағы 
қонысы». 
ҚАРАШОҚЫ (Карашокы) – мола, тӛбе, абс. биіктігі 144 м. Бейнеу, Қарақия ауд-да. 
Атау қара (сын есім) және шоқы (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
Мағынасы: «алыстан қарайып кӛрінген биік жота, тӛбе». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет