НАЗАРЖОЛ (Назаржол) – жол, Маңғыстау ауданы. «Ақын Қырымқҧл Ӛмір Қараҧлы
Назардың таудан қиялап салған жолы болған соң солай аталған» (С.Спан, 2008, 49).
НАЙЗАҚАРА (Найзакара) – қыс., Бейнеу ауданы. Найзақара аталатын – алабҧта
тҧқымдасына жататын бір жылдық шӛптесін ӛсімдік бар. Найзақара – аса қҧнды мал
азығы. Атау найзақара ӛсімдігі ӛсетін қыстауға қатысты қойылған немесе атау найза
(зат есім) және қара (сын есім) сӛздерінің бірігуінен жасалып, «ҥшкір, биік келген
таудағы қыстау» мағынасын беруі де мҥмкін.
НАҚБАЙ (Накбай) – ескі жҧрт, Маңғыстау ауданы. Антропоойконим.
НАҚУҚАЗҒАН (Накуказган) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним. Мағынасы:
«Нақу қазған қҧдық».
НАМАЗ (Намаз) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
НАМАЗШАҒЫЛ (Намазшагыл) – тӛбе, Бейнеу ауданы. Атау намаз (зат есім) және
шағыл (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Шағыл – «желмен сусып
жататын ӛсімдігі жоқ, жалаңаш қҧм тӛбелер» (ҚТАС, 724). Мағынасы: «Намаздың
қҧмды тӛбесі» болуы мҥмкін.
НАР (Нар) – қор., Маңғыстау ауданы. Атау: «орасан зор, ҥлкен қорым» мәнін береді.
НАРҚҦДЫҚ (Наркудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау нар (зат есім) және қҧдық (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Ҥлкен қҧдық» болуы мҥмкін.
НАРСОЙҒАН (Нарсойған) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау нар (зат есім) және
кеткен (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау белгілі бір оқиғаға
байланысты аталған. Аңыз дерегінде: «Қара нар Есен Сейіт бидің малының қҧты,
кӛшкенде шаңырағын артатын бәсіре малы екен... Нар Сейіт бидің жыл садақасына
сойылады. Сондағы қара нардың пышаққа ілініп, Сейіт бидің жылы берілген жердің
қазіргі атауы – Нар сойған» (Ә.Спан, 2003, 12-13).
НАУАРБУДАҚ, Науарбҧтақ (Науарбудак) – тӛрткіл, абс. биіктігі 158 м. Қарақия
ауданы, Кендірлікқиясай ҥстіртті жазықтың шығысы, Базыгҥрлі ойысының оңт-гінде.
Атау науар (зат есім) және будақ (бҧтақ) (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы
жасалған. Нобур – оғызша, «арык, канал» (Туркменско-русский словарь, 474), оны
Э.М.Мурзаев та анықтай тҥседі: «Нобур – магистральный, ирригационный канал в бас.
Мургаба и Теджена в Туркмении» (395) + будақ (бҧтақ) «ӛзен сағасы, тармақ»
(Э.М.Мурзаев, 1984, 297). Атау: «суландыру каналы, ӛзен тармағы бар тӛртбҧрышты,
тӛбесі тегіс тау » деген мән береді.
Достарыңызбен бөлісу: |