СҦЛУТӚРТКІЛ (Сулуторткиль) – тау, абс. биіктігі 200 м. Қарақия ауданы,
Маңғыстау ҥстіртінің шығысында. Атау сҧлу (сын есім) және тӛрткіл (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау «тау басы тегіс, пішіні дҧрыс кӛтеріңкі
келгеніне байланысты аталған» (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 537) немесе
Сҧлутӛрткіл – «сулы тӛрткіл» болуы да мҥмкін.
СҦМСА (Сумса) – қ., Қарақия ауданы. Кӛнетҥркі сӛздігінде: «сувса – шӛлдеу,
шӛліркеу, су ішкісі келу» мағынасын береді (ДТС, 515). Біздің пікірімізше, атау суы аз
қҧдыққа қатысты қойылған.
СҦРАТ (Сурат) – тӛбе, абс. биіктігі 119 м. Қарақия ауданы. Атау сҧр (сын есім)
және ат (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ҥлкен бозғылт
тӛбе».
СҦРБАҚАЙ (Сурбакай) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау сҧр (сын есім) және Бақай
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Бақай руының бозғылт,
қуқыл тартқан қонысы».
СҦРШОҚЫ (Суршокы) – қыс., Тҥпқараған ауданы. Атау сҧр (сын есім) және шоқы
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «бозғылт биік жота, тӛбе»
СҤГІР (Сугир) – бейіт, Қарақия ауданы. Антропонекроним.
СҤЙІРБАС (Суирбас) – қ., Бейнеу ауданы. Атау сҥйір (сын есім) және бас (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «биік ҥшкірлі тӛбе жанындағы
қҧдық».
СҤЙІРШЕ (Суирше) – қон., қора, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «ҥшкірлеу келген
тӛбелі қоныс».
СҤМБЕ (Сумбе) – тӛбе, абс. биіктігі 44 м. Қарақия ауданы. Ғ.Қоңқашпаев: сҥмбе
моңғол тіліндегі «мҧнара (монастырь)» деген сӛз десе (94), проф. Т.Жанҧзақов сҥмбе
«тіп-тік, сҥйір шың, биік тау» деген мағынадағы атау деп кӛрсетеді (Т.Жанҧзақ, 2005,
169). Атаудың мағынасы: «сҥйір шоқылы тӛбе».
СҤМБЕСУ (Сумбесу) – қ., Бейнеу ауданы. Атау сҥмбе (зат есім) және су (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «сҥйір шоқының жанынан қазылған
қҧдық» (қараңыз: СҤМБЕ).
Достарыңызбен бөлісу: |