Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет193/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ТАЙЛАҚ (Тайлак)  – б., қыс., Қарақия ауданы. Атау тай (зат есім) және лақ (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Э.Мурзаев: тҥркі тілінде тай – «тау»деп кӛрсетеді 
(Э.Мурзаев, 1969, 38). Иран тілінде: лақ – «жартас, қҧз» (Савина, 136). Мағынасы: 
«жартасты, қҧзды таудағы бҧлақ, қыстау». 
ТАЙЛЫ (Тайлы) – мола, Тҥпқараған ауданы. Э.Мурзаев: тҥркі тілінде тай – 
«тау»деп кӛрсетеді (Э.Мурзаев, 1969, 38). Мағынасы: «таулы жердегі мола». 
ТАЙТӚБЕ (Тайтобе)  тӛбе, Қарақия ауданы. Мағынасы: «ҥлкен тӛбе немесе таулы 
тӛбе». 
ТАЙШАХ (Тайшах) – маз., Бейнеу ауданы. Шах – «арық, жап». Атаудың мағынасы: 
«арығы бар таудағы мазар» немесе «кішкене арығы бар мазар» . 
ТАҚТА (Такта) – шатқ., Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «тегіс жер».
ТАҚЫРҚҦДЫҚ (Такыркудык) – қ. Маңғыстау ауданы. Тереңдігі-10м. Атау тақыр 
(зат есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«ешбір ӛсімдік ӛспеген жерден қазылған қҧдық». 
ТАЛАҚ (Талак) – қ., тҧйық сай, Қарақия ауданы, Ӛзен ойысының солт.- батыс 
шетінде. Біздің пікірімізше, атау тал (зат есім) және ақ (етістік) сӛздерінің бірігуі 
арқылы жасалған. Тал – иранша «тӛбе, дӛң, адыр» (Л.И.Рогозова, 93). Ал ақ - «ағу» 
етістігінің қызметінде жҧмсалып, тарихи тҧрғыдан, су, бҧлақ дегенді білдіреді. Сонда 
атаудың мағынасы: таудан аққан бҧлақ. Ел жадында осы жердің байырғы тҧрғыны 
тҥрікмен ақсақалы қайтыс боларының алдында «Маңғыстаудың ойында Талақ
қырында Кӛгесем, қалдыңдар-ау» депті–мыс деген сӛз сақталған. 
ТАЛШОҚЫ (Талшокы) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау тал (зат есім) және шоқы (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тал – иранша «тӛбе, дӛң, адыр» 
(Л.И.Рогозова, 93). Шоқы дегеніміз – «формасы конус тәрізді қырат немесе басы 
сҥйірлене біткен тау» (Г.К, Конкашпаев, 41) Мағынасы: «басы сҥйірлене біткен тау, 
тӛбенің жанынан қазылған қҧдық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет