ҤШКЕМПІР (Ушкемпир) – мола, сор, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «ескі ҥш сор,
тҧзды жер».
ҤШКӚЗ (Ушкоз) – б., Маңғыстау ауданы. Атау ҥш (сан есім) және кӛз (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атаудың мағынасы: «ҥш бастауы, бҧлағы бар жер».
ҤШКӚЗӘУЛИЕ (Ушкозаулие) – қор., Маңғыстау ауданы.
Аңыз дерегінде былай
делінеді: «Ҥшкӛз атаның шын аты Шетпе екен және ағайынды ҥшеуінің кішісі екен,
екі ағасын жерлеген соң ӛзін «ағайынды ҥшеуден қалған кӛз» деп «Ҥшкӛз»
атанып
кеткен екен-мыс» (С.Қондыбай, 2000, 46). Ал
біздің пікірімізше,
атау қорым
маңындағы ҥш бастау, бҧлаққа байланысты аталған тәрізді.
ҤШҚҦДЫҚ (Ушкудык) – қ., қор., Бейнеу, Қарақия ауд-да. Атау ҥш (сан есім) және
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «қатар-қатар қазылған ҥш
қҧдықты жер».
ҤШҚҦЮ (Ушкую) – қ., қор., Қарақия ауданы. Атау ҥш (сан есім) және қҧю (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. «Қҧй деген сӛз кӛне тҥркі
және моңғол
тілдерінде
құд – құды – құйы – құй болып келетін, қазіргі қазақ тіліндегі
құдық деген
мағынада қолданылатын сӛзбен тӛркіндес, яғни
құй сӛзі жоғарыда айтылып ӛткен
кӛне тҥбірінің бір тҥрі» (Қазақ тілінің этимологиялық сӛздігі, 132). Бірқатар тҥркі
тілдерінде қҧдықты
құй – кьую дейді. Ноғайша
қуйы, қҧмықша
къую, тҥркменше
гуйы.
Сонда атаудың мағынасы: «қатар-қатар қазылған ҥш қҧдықты жер».
ҤШОБА (Ушоба) – мола, Қарақия ауданы. Атау ҥш (сан есім) және оба (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған.
Оба термині «тас ҥйіндісі, шекаралық белгі», «оқшау
орналасқан тау, тӛбе», «арнайы ҥйілген тас қорымы» деген мағынаға ие болады»
(К. Қаймулдинова, 54). Атаудың мағынасы: «ҥш тас ҥйінділі мола».
Достарыңызбен бөлісу: