Х ХАНАЙ (Ханай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
ХАНТӚРТКІЛ (Ханторткиль) – шағын тӛрткіл, Маңғыстау ауданы. «Ел аузында
ерте заманда тҥбекті мекендеген кӛшпелі тайпалардың бірінің ханының жаз жайлауы
болыпты деген аңыз сақталған» (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 592). Ал Тәжік
топонимиясында хан – «суландыру каналы» (Э. и В. Мурзаевы, 242), десе келесі бір
еңбектерде хан – «тау», «биіктік» ҧғымын беретінін кӛне тҧлға» - дейді. Біздің
пікірімізше, атаудың мағынасы: «суландыру каналы, арығы бар тӛрткіл».
ХАТАМҚОЖА (Хатамкожа) – қор., Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним. «Толық
аты-жӛні Хатам (Сейіт) Қожа Ғаболқожаҧлы. Ақын, ишан. Халық арасында «Хатам
ишан» деген атақпен белгілі болған. Тҥрікмендер мен адайлардың әулиесі болып
есептеледі» (С.Қондыбай, 2000, 46-47).
Ш ШАБАЙМОЛА (Шабаймола) – мола, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «Шабайдың
моласы».
ШАҒА (Шага) – б., қойнау, Маңғыстау ауданы.
ШАҒАН (Шаган) – тӛбе, абс. биіктігі 102 м. Бейнеу ауданы. Е.Қойшыбаев: «Шаған
(чаған, саған, сақан, цақан) тҧлғасы – тҥркі және моңғол тілдерінде қҧмдақ жерлерге
тән ӛсімдік аты, тҥйе малының азығы» деп кӛрсеткен. Атау ӛсімдікке байланысты
қойылса, оның молдылығын кӛрсететін –лы,-лі жҧрнағы жалғануы керек еді. Ал
Г.Қоңқашпаев «Шаған – Қазақстанда ең кӛп тараған моңғолдық атау. Шаған сӛзі –
моңғолдық цаган – «ақ» дейді. (Г.К.Конкашпаев, 1959, 96). Э.Мурзаев азербайжан
диалектілеріндегі, чаган сӛзінің «шҧңқыр, кішкене ойыс, қҧдық» деген мағыналарын
кӛрсетеді (Э.Мурзаев, 1984, 605). Сонымен қатар тҥркі тіліндешағанның: «тік жарлы,
қҧламалы» деген мағынасы кездеседі. Біздің ойымызша, Шаған атауы «тік жарлы,
қҧламалы, қҧзды тӛбе» деген мағынаны береді.