Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет79/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ЖАҢАОРПА (Жанаорпа) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау жаңа (зат есім) және орпа 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «бертінде қазылған тайыз 
қҧдық». 
ЖАҢАӚЗЕН (Жанаозен) – қала, Қарақия ауданы. Атау жаңа (зат есім) және ӛзен 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Біздің пікірімізше, ӛзен сӛзі «белгілі бір 
арнамен ағып жатқан суға қатысты айтылмаған. Кӛне тҥркі тіліндегі «ӛз» тҥбірінен 
ӛрбіген, яғни ӛзен, ӛзек – «бір кезде су ағып, кейін қҧрғап қалған, созылып жатқан 
ойыс жер, кішірек сай» мәніндегі сӛз. Сонда атаудың мағынасы: «ойыс жерден 
салынған жаңа қала». 
ЖАҢАСУ (Жанасу)  – қ., қор., Маңғыстау, Бейнеу ауд-да. Атау жаңа (зат есім) және 
су (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жаңадан қазылған 
қҧдық». 
ЖАҢАТАҢ (Жанатан) – қыс., Бейнеу ауданы. Атау жаңа (зат есім) және таң (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жаңа ӛмір», Кеңес дәуірінен 
қалған атау. 
ЖАҢАША (Жанаша) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «жуықта қазылған кішкене 
қҧдық». 
ЖАҢБЫРБАЙҚҦДЫҚ (Жанбырбайкудык) – қ., тереңдігі – 3-5 м., Маңғыстау 
ауданы. Мағынасы: «Жаңбырбай қаздырған қҧдық». 
ЖАҢЫЗАҚ (Жанызак) – қ., Маңғыстау ауданы. «Ескелді Жаңызақ батырдың 
жайлауы болған» делінеді (С.Әбішҧлы, 10). Ал біздің пікірімізше, атау о баста 
«жалғыз ақ» болып айтылған. Мағынасы: «жалғыз ағын сулы қҧдық» тәрізді. 
ЖАПАЛАҚ (Жапалак) – тӛбе, қыс., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «ҥкі кӛп 
кездесетін қыстау». 
ЖАПЫРАҚТЫ (Жапыракты) – тау, адыр, абс. биіктігі 363 м. Маңғыстау ауданы. 
«Ӛсімдік қалық ӛскен тау» мәніндегі атау. 
ЖАРАС (Жарас) – тҧз. қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним. 
ЖАРАУЫЛ (Жарауыл)  – қ., қор., Тҥпқараған ауданы. Атау жар (зат есім) және ауыл 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жиектері тік жарлы болып 
келген жердегі қыстау». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет