Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет80/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ЖАРБӚГЕТ (Жарбогет) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау жар (зат есім) және бӛгет 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Бӛгет деп «су ағар арналар аяғынан 
салынған гидротехникалық қҧрылысты» айтады (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 187). 
Мағынасы: «жиектері тік жарлы болып келген жердегі бӛгетті шатқал». 
ЖАРҚҦДЫҚ (Жаркудық)  – қ., қон., Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Атау жар (зат есім) 
және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жиектері тік 
жарлы болып келген жерден қазылған қҧдық». 


ЖАРҚҦМ (Жаркум) – қыс., қҧм, Бейнеу ауданы. Атау жар (зат есім) және қҧм (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жиектері тік жарқабақты
қҧлама болып келген қҧмды жер». 
ЖАРҚЫНБАЙ (Жаркынбай) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним. 
ЖАРМА (Жарма) – қ., а., Маңғыстау ауданы. Жарма деп терең етіп қазылған арықты 
айтады. Сонда атаудың мағынасы: «ҥлкен арықты ауыл». 
ЖАРМЫШ (Жармыш)  – а., б., Маңғыстау ауданы. Атау жар (зат есім) және –мыш 
жҧрнағы арқылы жасалған. Біздің пікірімізше, топоним қҧрамындағы -мыш
есімшенің кӛне жҧрнағы. М.Томанов: «-мыш – орхон Енисей жазбалары тілінде
сондай-ақ кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің ӛткен шағын жасаған 
аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (тҥйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің 
қызметін атқарған», деп кӛрсетеді (М. Томанов, 272-273). Демек Жармыш «жарып 
аққан бҧлақ». 
ЖАРТЫ (Жарты) – алқ., г.кені, Қарақия ауданы. Мағынасы: «жартымсыз, нашар» 
мағынасын беретін тәрізді. 
ЖАРШОҚЫ (Жаршокы) – тау, Бейнеу ауданы. Атау жар (зат есім) және шоқы (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жиектері тік жарқабақты, 
қҧлама болып келген биік жоталы тау». 
ЖАРЫҚ (Жарык) – қ., мола, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «тау ернегіндегі жарылып 
біткен шың арасындағы қҧдық» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 190).   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет