КӚКПЕКТІ (Кокпекты) – қ., тӛбе, Бейнеу ауданы; қыс., Тҥпқараған ауданы. Кӛкпек
– алабҧта тҧқымдасына жататын бір жылдық шӛптесін немесе кӛп жылдық бҧташық
ӛсімдік. Мағынасы: «кӛкпек қалың ӛскен тӛбе», «кӛкпек қалың ӛскен тӛбеден
қазылған қҧдық».
КӚКСАЙ (Коксай) – жыра, қ., Маңғыстау ауданы. Атау кӛк (сын есім) және сай (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кӛк майсалы, шӛбі мол сайдан
қазылған қҧдық».
КӚКСЕПКЕН (Коксепкен) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау кӛк (сын есім) және
сепкен (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «егін,
бау-бақша
егілген тау».
КӚКТАМ (Коктам) – маз., Сам қҧмының солт-батысында орналасқан. Атау кӛк (сын
есім) және там (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «алыстан
кӛгеріп кӛрінетін, кӛк тасты там».
КӚКТАС (Коктас) – қыс., қ., Қарақия ауданы. Атау кӛк (сын есім) және тас (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кӛк тасты жерден қазылған қҧдық».
Достарыңызбен бөлісу: