Бибатпа Кӛшімова


КЕНДІРЛІҚИЯСАЙ (Кендирлыкиясай)



Pdf көрінісі
бет92/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

КЕНДІРЛІҚИЯСАЙ (Кендирлыкиясай) – шӛлді ҥстірт, Қарақия ауданы, Каспий 
теңізінің шығысында. Атау кендірлі (сын есім) және қия (зат есім), сай (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қия – «тік тас беткейлі қырат, жартас». Атаудың 
мағынасы: «кең шатқалдағы тік тас беткейлі қыратты сай». 


КЕНДІРЛІСОР (Кендирлысор) – сор, Қарақия ауданы. Атау кендірлі (сын есім) 
және сор (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кең шатқалдағы 
тҧзды сор».
КЕНЖЕ (Кенже) – тӛбе, Тҥпқараған ауданы. Этноороним. «Кенже руының тӛбесі». 
КЕНЖЕҚАЗҒАН (Кенжеказган) – қ., Маңғыстау ауданы, Бозашыда. Атау Кенже 
(зат есім) және қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ру атынан 
қойылған. Адай атадан Айтумыс, одан – Ӛрдек, одан - Кенже тарайды. Мағынасы: 
«Кенже руының қазған қҧдығы». 
КЕНТ (Кент)  – қ., Маңғыстау ауданы. Кент – қала аттарын жасауға негіз болатын, 
иран тілінен енген сӛз. Кент – географиялық терминінің «қала, ауыл,» деген 
мағыналарынан басқа «су сақтауға арналған шҧңқыр» ретінде де қолданылады екен 
(В.И.Савина 115).  Сонда атаудың мағынасы: «ауыл маңынан қазылған қҧдық» немесе 
«су сақтауға арналған шҧңқыр, қҧдық» деген мән беретін тәрізді
КЕНТТІБАБА (Кенттыбаба) – қор., Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «халық 
қоныстанған жердегі әулие адамның қорымы». 
КЕНТАЙҚАЗҒАН (Кентайказган) – қ., Бейнеу ауданы. Атау Кентай (зат есім) және 
қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Антропогидроним. Мағынасы: 
«Кентай қазған қҧдық». 
КЕНІШБАЙ (Кенишбай) – мола, Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним. 
КЕҢҚОЛТЫҚ (Кенколтык) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау кең (сын есім) және 
қолтық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қазақ тілінің тҥсіндірме 
сӛздігінде: «қолтық – «белгілі бір мекен-жайдың я орман-тоғай, сай-саланың тасалау, 
ықтасындау, ойпаңдау жері» – деп тҥсінік берілген (ҚТТС, 6 т. 305). Атаудың 
мағынасы: «ҥлкен ықтасындау, ойпаңдау жер». 
КЕҢСАЙ (Кенсай) – сай, қ., Маңғыстау ауданы. Атау кең (сын есім) және сай (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ҥлкен, кең сай». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет