ТЕМІРТАПҚАН (Темиртапкан) – арал, Тҥпқараған ауданы. Атау темір (зат есім)
және тапқан (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «темір табылған,
темір рудасы бар арал».
ТЕМІРТӚБЕ (Темиртобе) – Маңғыстау ауд-дағы тӛбе. Атау темір (зат есім) және
тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «темір рудасы бар
тӛбе».
ТЕКТҦР (Тектур) – қор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним.
ТЕҢГЕ (Тенге) – а., кен ор., Жаңаӛзен ә. қарасты. Ел аузында: «сҥйгеніне қосыла
алмай, шалға айттырылып қойған Теңге қыз ҥйінен қашып кетіп, суықтан ҥсіп ӛледі.
Ӛлген жеріндегі тӛбе және бейіт аты Теңге атымен аталған» делінеді. Ал Иран
топонимиясында теңге – «таудағы тар асу, тар аңғар» деген мән береді (В.И.Савина,
208).
ТЕППЕ (Теппе) – қ., қҧм., Маңғыстау ауданы. Ә.Спан: теппе – «шыңырау қҧдық
ішіне тҥсіп-шыққан адамның аяғын тіреу ҥшін жасалатын ойық» деген тҥсінік береді
(Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 203). Ал тҥркі тілінде теппенің – «тӛбе, дӛң, адыр»
мағыналары кездеседі (Рогозова, 96). Сонда атаудың мағынасы: «биік жерден
қазылған қҧдық».
ТЕРЕКОРПА (Терекорпа) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау терек (зат есім) және орпа
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «терек ӛскен жерден
қазылған аузы кең, тайыз, әрі шегенделмеген қҧдық».
ТЕРЕКСАЙ (Терексай) – қон., Бейнеу ауданы. Атау терек (зат есім) және сай (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Сайда терек кӛп ӛскендіктен берілген атау.
ТЕРЕКТІ (Теректы) – қон., Бейнеу ауданы. Атау терек (зат есім) + ті (бір нәрсенің
бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын жҧрнағының қосылуы
арқылы жасалған. Атаудың мағынасы: «терек кӛп ӛскен қоныс».
ТЕРЕҢ (Терен) – қ., Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Қҧдық терең қазылғандықтан
қойылған атау.
|