Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет322/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

 
Ерсары қайрағы 
Сенек бетіндегі мидай жазық далада шаншылып тҧрған қада тас бар, ол Ерсары 
қайрағы деп аталады, бойы 4 метр, 5 см, жуандығы мерт жарым. Ерсарыбай – 1313-
1314жж бірінде ӛлген тҥрікменнің солор руының кӛсемі. Қазір Қарақия ауданындағы 
қорым. Кезінде бҧл жер – ру кӛсемдерінің бас қосатын тӛбесі екен.
Ел аузында мынадай кӛркем аңыз бар: «Ертеде бҧл жерде Ерсары деген алып батыр 
ӛтіпті дейді. Оның аса ірі тҧлғалы болғаны соншалық, Сҧмса қҧмы оның тӛсегіндей екен. 
Тамақ әзірлегенде қазанның бір қҧлағын Ҧлы Кіндікке, екінші қҧлағын Кіші Кіндікке 
асып қояды екен. Бҧл екі жердің арасы – тӛрт шақырым. Сол жерде отырып астың дәмін 
келтіру ҥшін Шопан атаның тҧзын кесіп алып қазанына салатын кӛрінеді. Ал қазаны 
қайнағанда кӛбігін Қорғанбайдың ойпатына тӛгеді екен. Бҧл ойпат - Ҧлы Кіндік пен Кіші 
Кіндіктен елу шақырым жерде. Қорғанбай ойпатының тҥбіне кҥні бҥгінге дейін шӛп 
шықпайтыны содан кӛрінеді. Ерсары ысырып тастаған ошақтың кҥлі қазіргі Бостан қҧмы 
деседі. Бҧл қҧм бес шақырым жерде. Ерсары таңертеңгісін тҧрғанда кӛлбей тҥскен 
кӛлеңкесі 350 шақырым жердегі Тҥпқарағанға жетеді екен. 
Бірде Ҥстірт пен Ақтау сілемдерінің ҧштасқан жеріне су жиналып, елдің кӛш-
қонына кедергі болады. Ел жиналып, Ерсары батырдан кӛмек сҧрайды. Сонда батыр 
асасымен тҥртіп қалған тау сілемі жарылып, іркілген су Каспийге (Хасарлыға) ағып 
кетеді. Қазіргі Ақтау сілемдерінің аңғары сол іркілген су аққан жер дейді. 
Бірде Ерсары Сҧмса қҧмын тӛсек қылып, тынығып жатса аяғының басы қыши 
беріпті. Сонда батыр; «Апыр–ай, бҥгін даланың қҧрт-қҧмырсқасы ӛріген мазасыз тҥн 
болды-ау», – деп аунап тҥседі де ҧйықтап кетеді. Ертесіне оянса башайын қасқыр жеп 
кетіпті (С.Қондыбай, 2002, 214).
 
Еспенбет қырғыны 
Еспенбет қырғыны – Маңғыстау ауданындағы жер атауы. Шежіреде бҧл жер атауы 
туралы былай делінген: «Әнеттің Бабақҧл деген баласынын тараған Еспенбет деген бай 


кісі болған. Еспенбет Арқадан кӛшіп келе жатқанда, оған солдаттан қашқан екі татар 
жігіті келіп паналайды. Ол екеуі сауатты екен. Ел кӛшкенде екі татармен оқитын 20 
шақты баланы қалдырады. Ел кӛшкесін татар екі қызды алып, балаларды ӛлтіріп, Хиуаға 
қашады. Ел хабарланып, оларды Итқара деген жерде қуып жетеді. Екеуін атып тҥсіріп, 
қыздарды айырып алады. Балалардың ӛлген жері «Еспенбет қырғыны» аталады 
(Ә.Атшыбаев, 118). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет