Ӛлкедегі Шерқала деген ҧшпа тауды жергілікті халық
Оразұшқан дейді. Мҧңалдың
жары тайпасынан Ораз Оңғалбайҧлы деген орысша,
арабша сауатты, кӛзі ашық би
болған. Кетіктегі ояз оны ӛзіне тілмаш етіп алады. Ресейден келген экспедиция да
қасынан тастамайды. Ораз ислам дінін айтып, ҥнемі уағыздап жҥреді. Бірде орыстар: «Ал
енді сенің қҧдайың бар бар ғой, мына Шерқаланың ҧшпасынан секірші» дейді. Ораз
дәретін алып,
намазын оқып, боз тҥсті тайлақтың боз тҥсті жҥнінен тоқылған ағима
шекпенді делдитіп киеді. Әуелі қҧдай, сосын Бекет атаға сиынып, ҧшқан екен. Ораз жерге
аман-есен тҥседі. Ораз қозы еті, сорпасы,
жылқы қазы-қартасы, шҧбат пен қымыз ішіп
тыңайып кеткен екен. Бірақ ӛзі қан тҥкірдім, қан кіші дәреттен кӛрінді. Сыр бермедім,
ислам жолынынң әділ екенін дәлелдегім келді деген екен (Б.Әріп, 58-59).
Темірбаба
Темібаба деген жерде теңіз ортасынан тҧщы су ағып жатады екен. Ащы су мен
тҧщы судың араласпай ағып жатуына бабаның
әулиелігі себеп десе керек, бірақ ол су
теңіздің ортасынан емес, теңізге сҧғына біткен қҧрлықтың қҧмды қабатынан шыққан
тҧщы су кӛзі екен. Бҧл Кендірлі тілшесі деп аталатын жер теңіз суын тазартып тҧратын
фильтр рӛлін атқарса керек. Каспий жағасының
кез келген жерін қазып алып, ішуге
жарамды су табуға болады, бірақ осы Кендірлі тілшесінің суы халықтың ерекше
назарында болған. Оған мифтік тҥсініктер негіз болғанға ҧқсайды: Темір баба – тҥрікпен
текті, ислам заманының әулие тҧлғасы. Аңыздар а) Темір теңізге тҥскенде жҥзген жолы
қара жерге айнала береді; ә) суға кетіп ӛлген баласының қазасына теңізге назаланған баба
теңізді қамшымен сабалап,
лағнет айтса, қамшы тиген тҧсы қҧрлыққа айналады деп
кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: