КЕТІКҚАЛА (Кетиккала) – қон., Тҥпқараған ауданы. Атау кетік (зат есім) және қала
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кетік – тҥркі тіліндегі, «тау асуы», «тау
ӛткелі» деген сӛз (В.И.Савина, 1969, 57).Мағынасы: «тау ӛткеліндегі қала».
КИРИЛЛ (КЕРЕЛ) АРАЛДАРЫ (Кирилл аралдары) – аралдар тобы. Каспий
теңізінің Бозащы жағалауында. Маңғыстау ауданы. Керел аралдары осында алғаш
келген астрахандық кәсіпқор балықшының есімімен аталған. Жақсы Керел, Жаман Керел деп аталатын аралдар бар.
КИІКБАЙ (Киикбай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. Кенже Киікбай қазған
қҧдық.
КИІКТІ (Киикты) – қ., Бейнеу ауданы. Бҧл жерде бҧрын киіктің кӛп болуына
байланысты қойылған.
КИІКТӚБЕ (Кииктобе)– тӛбе, Бейнеу ауданы. Атау киік (зат есім) және тӛбе (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «киік кӛп болатын тӛбе».
КИІКҦШҚАН (Киикушкан)– тау, Маңғыстау ауданы. Белгілі бір оқиғаға
байланысты қойылған.
КЛАДБИЩЕ (Кладбище) – тӛбе, Қарақия ауданы. Мағынасы: «зиратты тӛбе».
КОМСОМОЛ (Комсомолец) – шығ., Маңғыстау ауданы. Кеңес заманынан қалған
атау.
КӚБЕН (Кобен) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним.
КӚБЕНБИ (Кобенби) – қор., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним. Кӛбен
Дҥкенҧлы – Адайдың Тобыш Шеген атасынан тарайды. Би болған. «Ол туралы
«Адайға ҥш рет олжа салды» деген мақтау-мадақ бар (Маңғыстау энциклопедиясы,
2008, 334).
КӚГАЛТӚБЕ (Когалтобе)– қыс., Тҥпқараған ауданы. Атау кӛгал (зат есім) және
тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жайқалған кӛк шӛпті,
кӛк майсалы тӛбе».
КӚГАЛЫ (Когалы) – б., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «кӛк шӛпті, кӛк майсалы
жердегі бҧлақ».
КӚГЕЛ (Когель) – тау, Бейнеу ауданы. Атау Кӛк (зат есім) және ел (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛк – Оғызханның тӛртінші ҧлының аты.
Мағынасы: «Кӛк елінің тауы, қонысы».
КӚГЕЗ (Когез) – б., Маңғыстау ауданы. Атау екі компонеттен қҧралған: кӛк+ез (кӛк+ӛз). Ӛз – М.Қашқарида – «аңғар», «шатқал» деп берілген. Кӛгез - «сулы, кӛк шӛбі мол шатқалдағы бұлақ» мағынасындағы атау.