Библографиялық және ғылыми ақпарат.Ғылыми ақпарат түрі,ғалымды информациялық іздестіру қызмет обьектьсі көзіретінде библограиялық және ғылыми ақпарат. Оқудың зерттеу нәтижелерін бекіту құралы ретінде анлитикалық шолу


Дәйексөз Шолу қызметіндегі дәйексөздер



бет4/4
Дата06.10.2022
өлшемі114.9 Kb.
#462081
1   2   3   4
13апта

Дәйексөз
Шолу қызметіндегі дәйексөздер
Мәселені қалыптастыру қызметіндегі дәйексөздер
Құралдық немесе бағдарлық қызметіндегі дәйексөздер
Болжау қызметіндегі
дәйексөздер
Дәйектеу қызметіндегі дәйексөздер;
Ғылыми ұғымдарды нақтылау қызметіндегі дәйексөздер
1. Шолу қызметіндегі дәйексөздер. Мұндай қызметтегі дәйексөздер
белгілі бір ғылыми мәселенің, идеяның, я болмаса теорияның қарастырылу
тарихын жеткізу үшін пайдаланылады, ғылыми білімнің қаншалықты өсу
динамикасын бейнелейді, ғылыми-тарихи, хронологиялық, биографиялық
сипаттағы ақпаратты жеткізеді, қарастырылып отырған саланың қазіргі ахуалын(мәтіннің жазылу кезіндегі) көрсетеді.
2. Мәселені қалыптастыру қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөз зерттеу
мәселесі бойынша түйінді мәселені алға шығарып немесе қалыптастырып,
соның мазмұнын ашуға қызмет етеді, бұрыннан бар білімді талдаудың негізінде жаңа білімнің аумағын нақтылайды.
3. Құралдық немесе бағдарлық қызметтегі дәйексөздер. Бұл
дәйексөздер ғылыми айналымдағы бар зерттеудің әдістемесі мен әдістері,
оларды бағалау және сол арқылы зерттеушінің жаңа білім алудағы танымдық ісәрекетінің қалыптасуын көрсетеді
4. Ғылыми ұғымдарды нақтылау қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөз
алдыңғы зерттеушілердің пайдаланған ұғымдарын түсіндіруді мақсат етеді, сол ұғымдардың мазмұнын ашып, дәйексөз келтіруші автор мен басқа да ғалымдар оларды бағалайды
5. Дәйектеу қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөз дәйектеуші құрал
ретінде жаңа білімді негіздеу барысында дәлелдеу тетіктерін пайдалана отырып қолданылады, сөйтіп, зерттеу нысаны туралы жаңа ғылыми білімнің мазмұнын қалыптастырады.
6. Болжау қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөздер автордың тың
тұжырымдарын бейнелеу мақсатында зерттеу саласының перспективаларын
көрсетуге қатысады. Мұндай қызметтегі дәйексөздер алдыңғы түрлеріне
қарағанда аз ұшырасады, солай бола тұра, ғылыми мәтіндерде кездесіп тұрады. Мұндай дәйексөздер зерттеуші автор сөзімен көбінесе атап өткендей, деп аталып көрсетілгендей тәрізді байланыстырғыш құралдар арқылы жалғасады
Назарларыңызға рахмет !

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет