Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін Интернетке қосылу библиография үшін үлкен жетістік болды
Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін Интернетке қосылу библиография үшін үлкен жетістік болды.
Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында техника баспа материалдары (микрофиштар, магниттік таспалар, дискеттер) пайдаланылады.
Салалық библиография
Салалық библиография - білімнің және (немесе) іс жүзіндегі қызметтің белгілі бір саласына мазмұны жағынан катысты құжаттармен жұмыс істейтін библиография
Салалық библиографияда ақпарат пайдаланушыларының негізгі екі тобы ерекшеленеді:
кәсіптік
кәсіптік емес.
Әлеуметтік ғылым саласындағы кәсіптік библиографиялық қажеттіліктер дәстүрлі ақпарат көздерінің көмегімен қанағаттандырылады – ағымдағы және ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық құралдар, сондай-ақ библиографиялық деректер базасының көмегімен, бастапқы ақпарат көздерімен.
Кәсіптік емес библиографиялық қажеттіліктер – бұл оқырмандардың күнделікті қызығушылығынан туған ақпараттық қажеттіліктері. Азаматтардың кең топтарына арналған ақпарат көздеріне мерзімдік басылымдар: журналадар мен газеттер жатады. Кез келген мамандардың ақпараттық қажеттілігі өзінің құрылымы жағынан күрделі болып келеді және бастапқы құжаттар туралы мәліметтерге, библиографиялық ақпаратқа, сондай-ақ фактографиялық және концептографиялық ақпаратқа деген талаптарымен ерекшеленеді.
Библиографиялық-ақпаратық қызмет түрлері
Ақпараттық қажеттілік – бұл «белгілі бір мақсатқа жетуге арналған ақпарат». Оны қанағаттандыру үшін кітапханалар мен мұрағаттар, ал кейінгі кезде – күрделі ақпараттық жүйелер жасалды. Көптеген зерттеушілер айтқандай, пайдаланушылардың қажеттіліктері өздерін ақпаратпен қамтамасыз ететін мамандардың қызмет көрсету түрін анықтайды.