Бидайбеков Е


Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері



бет51/87
Дата13.01.2023
өлшемі1.9 Mb.
#468366
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87
treatise13514

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері

Ақпараттық-қызметтік оқыту модельдері педагогикада кеңінен қолданылатын ақпараттық және қызметтік қадамдардың негізінде құрылады. Осы қадамдарға оқу үдерісінде ең кең тараған қызмет – танымдық қызмет жатады, ол басымды ақпараттық сипатта болады және ақпараттық үдерістер жиынтығы түрінде көрсетіледі.


Информатиканы оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану екі оқыту моделін құруға мүмкіндік береді.

  1. Ақпараттық қызмет негізінде оқыту моделі әр түрлі ақпаратты өңдеумен, жинақтаумен, продуцирлеумен байланысты.

2. Ақпараттық жүйелер мен ғаламдық желі интернеттің программалық құралдарының негізінде интерактивтік қатынас негізінде оқыту моделі.
6.2.1 Таратылған ақпараттық ресурстардан ақпараттың гипермәтіндік құрылымын құру және таңдау, іздеуді ұйымдастыру негізінде оқыту

Іздеуді ұйымдастыру мен интернет желісінен алынған таңдаулы ақпарат бойынша оқыту моделі ғаламдық ақпараттық ортадағы жинақталған ресурстар мен ерекше дидактикалық және әдістемелік мүмкіндіктерге негізделеді. Арнайы іздеу технологиялары мен жүйелері дәстүрлі оқу-тәрбиелік үдерісті өзгерте алатын үлкен әлеуетке ие. Олар білім алушылардың өзін-өзі тану мен дамыту қабілеттерін қалыптастыру мақсатында ізденуші ісін итермелеуді жоғарылатуға, оқыту үдерісіне қарым-қатынасын өзгертуге қосымша дидактикалық шарттарды құрады. Осы технологиялардың өзгешелігі білім алушыны үлкен таңдау мүмкіндіктерін және әр бағыттағы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді.


Іздеу технологиялары адамға қажетті ақпаратты табуға көмектесетін әртүрлі ақпараттық-анықтамалық жүйеде жүзеге асырылады. Осыған мысал ретінде тақырыптық каталогтар мен іздеу жүйелерінің қызметтерін келтіруге болады.
Тақырыптық каталогтар – бұл Интернетте жиналған ақпараттың негізіндегі осы жүйелерде редакторлардың қолмен дайындаған ақпараттық-анықтамалық жүйелер. Тақырыптық каталогтағы керек бөлімге тез өту үшін кілт сөздерін пайдалана отырып автоматты іздеуді қолдануға болады. Тақырыптық каталогтың мысалдары:

  • Ресейлік Интернеттің балаларға арналған ресурстарының каталогы (http//www.kinder.ru);

  • «Ресейлік білім беру» федералдық порталы (http//www.portal.edu.ru);

  • Оқушы әлемі: білім беру ресурстарының каталогы (http//www.school.holm.ru)

  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым минисрлігі (www.edu.gov.kz/ru)

  • Білім алушыларға арналған білім беру ресурстарының каталогы www.pushkinlibrary.kz

Іздеу жүйелері Интернеттен желілік программа-роботтармен автоматты түрде жасалатын мәліметтердің негізіндегі күрделі ақпараттық-анықтамалық жүйелерді және адамға керекті сұрақтарға жауап беретін әртүрлі ақпараттық ресурстарды сілтемені қамтамасыз етеді. Оларға мысал:

  • Google (http//www.google.kz);

  • (http//www.rambler.com);

  • (http//www.yandex.ru).

Іздеу технологиялары мен жүйелерінің мүмкіндіктерін қолдана отырып, информатика мұғалімі оқушыларға баяндама, реферат дайындап, белгілі бір оқуға байланысты сұрақтар туралы іздеу мен салыстырулар жүргізуді ұсына алады. Бірақ, оқушылардың зерттеу қызметіндегі ақпараттық ресурстармен жұмыс (керекті ақпаратты табу, оны талдап, зерделеу мақсатында қолдана алу) істеу маңызды болып табылады. Ақпаратты іздеу – зерттеу қызметінің бір кезеңі және таратылған ақпараттық ортада құрылымсыз құжаттық ақпаратты іздеу үдерісі. Осы жағдайда ол белгілі құжаттардың жиынының арасынан берілген тақырыпқа арналған, алдын ала берілген іздеу шарттарын қанағаттандыратын немесе дәйектер, мағлұматтар және мәліметтерден құралған бір құжатты анықтайды.
Іздеу үдерісі керекті ақпаратты жинауға, өңдеуге, ұсынуға арналған біртекті операциялардан құрылады. Әдетте ақпаратты іздеу төрт кезеңнен тұрады:

  1. Ақпараттың қажеттілігін анықтау және ақпараттық сұраныс құру.

  2. Ақпараттың қайнар көзін анықтау.

  3. Айқындалған ақпараттық массивтерден ақпаратты бөліп алу.

  4. Қабылданған ақпаратпен танысу және нәтижелерді бағалау.

Ақпаратты іздеуді дұрыс ұйымдастыру үшін Интернет ресурстары веб-сайт, веб-портал және веб-сақиналардан құралғанын білу керек.
Веб-сайт немесе сайт ол – Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын, бір тақырыпен байланысқан веб-беттер жиынтығы. Барлық ашық веб-беттердің жиынтығы бүкіләлемдік торды (WWW) құрайды. Веб-бет – бүкіләлемдік тордың гипермәтіндік ресурсы. Веб-беттерде мәтіндермен қатар бейнелер мен басқа беттерге тез көшуге арналған сілтемелер орналасады. Ол жерде медиафайлдар, мысалы, дыбыстық файлдар мен бейнелер (бейне), апплеттер, сонымен қатар беттің мазмұнын динамикалық ететін скрипттер орналаса алады.
Оқушылардың оқу-тану қызметін ұйымдастыру үшін мұғалім Интернеттегі веб-сайттарды белсенді қолдана алады. Мысалы, мұғалім оқушыларға электрондық кітапхананы қолдануды ұсына алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет