Бидайбеков Е


Оқытудың интерактивті технологиясы



бет53/87
Дата13.01.2023
өлшемі1.9 Mb.
#468366
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87
treatise13514

6.2.2 Оқытудың интерактивті технологиясы

“Интерактив” сөзі ағылшын тілінің interact (inter – өзара, act - әрекет ету) сөзінен енген. Интерактивтілік өзара әрекеттесу немесе бір нәрсемен (мысалы, компьютер) не біреумен (адаммен) сұхбаттық режимде болу мүмкіндіктерін білдіреді. АКТ интерактивті мүмкіндіктері ақпараттық жүйелермен, программалық құрылғылармен, Интернет ғаламдық желісі мен қатысушылардың ақпараттық өзара әрекеттесуі негізінде информатиканы оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


Интерактивті оқыту технологиясы тек қана бұрын оқытылған материалдарды бекітуге ғана емес жаңаларын да оқытуға бағытталған.
Ол үшін сабақтарда өздік, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары қолданылады, рөлдік ойындар, құжаттармен және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыстар жүргізіледі, шығармашылық тапсырмалар орындалады.
Интерактивті оқыту технологиясының мүмкіндіктері аудиовизуалдық және компьютерлік қосымшаларды қолданумен ауқымданады. Информатика сабақтарында есептеу техникасы сыныбының өзі интерактивті оқыту ортасын жасайды. Интерактивті оқыту технологиясын іске асыратын компьютерлік программаларды қолдану, дидактикалық және әдістемелік мәселелер қатарын шешуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, оларды қолдану қатысушыға интерактивті ортада өз бетімен жұмыс жасау режимін таңдауға мүмкіндік беру арқылы оқу мотивациясын біршама жоғарылатады, әртүрлі жеке жұмыстар түрлерімен, компьютерлік визуалды оқу материалдарымен, ойын жағдайларын қолдануды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, жаңа үлгідегі компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін интерактивті ортада іске асыру және мультимедианы көрнекі түрде-бейнелі, көрнекі түрде-пәрменді ойластыру түрлерін қалыптастырып, дамытады.
Үшіншіден, интерактивті орта көмегімен ұйымдастырылған оқылатын экспериментальді-зерттелетін қызметтің орындалуы, оның зерттей алу қабілетін қалыптастырады, өз бетінше білімін жетілдіруге әкеледі.
Төртіншіден, интерактивті ортада алгоритмдеуді оқыту идеяларын іске асыру қатысушының тиімді анықталған сыныптағы тапсырмаларға жауап іздеу стратегиясының қалыптасуына әкеледі, оқушының алгоритмдік, логикалық ойлау стилін дамытады.
Интерактивті оқыту технологиясы тек кана программалық құралдар көмегімен іске асырылмайды. Есептеу техникасы сыныбы ақпараттандырудың техникалық интерактивті құралдарымен камтамасыз етіледі. Оған интерактивті тақта [8] (және де http://smartboard.ru қараңыз) мысал болып табылады.
Тақтаның ақ беті компьютерден визуалды ақпаратты тұжырымдауға арналған экран рөлін атқарады. Ал датчиктер және мәліметтерді өңдеу олардан тақтаның бетін басуға сезімтал етеді. Кез келген маркермен және жай ғана саусақпен қолданыстағы прогрммалық ортаны тышқанмен басқарғандай басқаруға болады. Тақтаның бетіне қол тигізгенде немесе оған маркермен не саусақпен сурет салғанда слайдтарды дайындау, құжаттарды редакциялау, тест тапсырмаларын орындау, аудио және бейне үзінділерді жүргізуді басқару, графиканы редакциялау немесе виртуалды зертханалық орта жұмысын жасау барысында, экран түймесін басу, орнын ауыстыру, масштабтау және объектіні бұру, қолданушы интерфейсінің кез келген компонентімен жұмыс жасау, тақта бетіне шығару мүмкін болады. Тіпті виртуалды пернетақтаның пернелеріне маркерді тигізу арқылы және де сурет салынған экран-тақтасында мәтінді теруге болады.
Интерактивті тақтаны информатика сабағында қолдану компьютердегі тым жеке жұмыстан туындаған мәселелерді топтық талқылауға көшуге мүмкіндік береді. Мұғалім интерактивті тақтада кезекті тапсырмасын көрсету барысында тапсырманы ашық орындау үшін оған бір емес бірнеше оқушы шақыра алады, жауап қате болған жағдайда дискуссия ұйымдастыруға немесе жергілікті желіде жұмыс жасау барысында жеке жұмыс жасаушының нәтижесін өз қолжазбасы және графикалық пікірі арқылы жариялай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет