8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері
8.3.1 Сыныптан тыс жұмыстардың дидактикалық негіздері
Ізгілендіру және информатиканы оқытудағы ізгілендіру
Ізгілендіру – оқушының жеке тұлғалық дамуы болып табылатын білім берудің негізгі міндеті мен ой сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық ойлаудың кілттік элементі.
Информатиканы ізгілендіру – оның гуманистік негізге ауысуындағы білім беруді ізгілендірудің құрамдас бөлігі. Бұл ауысу білім берудегі бірқатар қайшылықтарды шешіп, қоғамның белгілі бір кезеңде дамуындағы әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы оң нәтижелер ала алады. Сонда да информатикадан білім сапасы білімнің жалпы мәдени компонентінің ажырамас бөлігі болып қала береді.
Информатиканы ізгілендіру шарттар жүйесін шешу мыналарды болжайды:
Информатиканың адамға, оның қызығушылықтарына, қажеттіліктері мен қабілеттеріне жақындауы (эмоционалдық фон құру, информатиканы үйренудегі мағыналық тұлғасын көрсету, информатика құралдары арқылы өзін өзі танудың мүмкіндіктеріне қол жеткізу);
Әлем жайлы толыққанды білім құру (бірнеше ғылым жапсарындағы зерттеушілік жұмыстар және т.б.);
Өзін-өзі бекіту мен өзін-өзі айту үшін әрекеттердің әр түрін ұйымдастыру, шығармашылық пен ынталандыруды қолдау.
Информатииканы ізгілендіру – оқушыларға белсенді болуға, шығармашылық тұрғыдан еркін тұлға болуға, кез келген әлеуметтік шарттарға бейімдетіліп кетуге мүмкіндік беретін білім берудің жалпы мәдени компонентін дамытуға бағытталған шаралар кешені.
Информатиканың мектеп курсын ізгілендіру келесі бағыттар бойынша өтуі мүмкін:
информатиканың гуманитарлық негіздерін енгізу (тарихи элементтерді қолдану – ойшылдармен танысу, информатиканың ғылым ретінде дамуы мен пайда болу тарихымен танысу; информатиканың философиялық және рухани бастамаларын ашу);
информатиканы оқыту әдістемесіне гуманитарлық ғылымдарға тән әдістер, тәсілдер мен стильдер енгізу:
а) гуманитарық пәндерден мәлімдемелер қолдану (жаттаулар, интеллектуалды бес минуттар, музыкалық үзілістер, сурет өнімдерін көрсету, шет тіліндегі фразалар, сабаққа арналған эпиграфтар және т.б.);
ә) ертегі сабақтар мен пікірталас, талқылау сабақтарын енгізу;
информатиканы адам мен қоғамдық тұрмысқа жақындату:
а) информатика әдістерінің қосымшалар облысын көрсету;
ә) күнділікті тәжірибеде информатикадан алған білімдерін қолдану;
б) информатиканы үйренудегі мағыналық тұлғасын көрсету;
в) информатика мен гуманитарлық ғылымдардың, информатика мен жаратылыстану ғылымдарының сабақтастығы, информатиканың ішкі сабақтастығы (кіріктірілген сабақтар, кіріктірілген курстар, объекті мен оның бейнесін толыққанды үйрену сабақтары).
өзіндік шығармашылықты ынталандыру мен шығармашылықтың әр түрін қолдану арқылы жеке қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ұсыну:
а) шығармашылық зерттеущілік жұмыстар жүйесіне кіріспе;
ә) тәжірибеге оқушының тұлғалық даму ерекшелігін ескеретін жеке тапсырмаларды енгізу;
б) сабақтан тыс жұмысты жүйелілігі мен әртүрлілігі.
Ізгілену мен ізгілендірудің келесі кезеңдерін атап көрсетуге болдады:
а) сабаққа тарихпен, әдебиетпен, музыкамен байланысты эмоционалдық кезеңдерді енгізу; кейбір тақырыптар бойынша сыныптың бәріне шығармашылық тапсырма беру; сыныпта сыныптан тыс жұмыстардың кейбір элементтерін пайдалану;
ә) жеке сабақтарды жасау – кіріктіріліген, дәстүрлі емес, практикалық бағытталған, объекті мен бейнені бүтіндей қабылдау; көптеген тақырыптар бойынша шығармашылық, практикалық жұмыстар жасау; сыныпта жеке сыныптан тыс мерекелер ұйымдастыру.
б) гуманитарлық негізде жеке курстар өткізу. Бағдарламаның тақырыптары бойынша оқушылардың жалпы көзқарасын дамытуға арналған шығармашылық сараланған тапсырмалар. Сынып төңірегінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мн жүйелеу.
в) білім беруге информатикадан эмоционалдық, жалпы мәдени сипаттағы жолдар енгізу. Информатиканың мектеп курсының тақырыптары бойынша шығармашылық сараланған тапсырмаларын жүйеге келтіру. Барлық оқу курсы бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүйеге келтіру.
г) информатика мен бағдарламалық материал бойынша қосымша білім беру мен дәстүрлі емес сабақтардан, сараланған шығармашылық, практикалық, зерттеушілік жұмыстардан алынған сабақтың бірегей кешені жайында мәлімет.
Барлық кезеңде оқушының мақсатқа бағытталған іс-әрекеті мен олардың шығармашылығына шарттар құру ең маңызды әрекет екендігі басып көрсетілген.
Шығармашылық - ізгілену мен ізгілендірудің басты кілті, себебі оқушы ғана емес, мұғалімде шығармашылықты тудырады. Мұғалім уәде етілген нәтижеге қол жеткізуде белгілі бір ретпен қолданылатын педагогикалық әрекеттер мен құралдардың қайталанған инвариантты жүйесін, яғни иілгіш педагогикалық технологияны жасап шығарады. Оның ерекшеліктері:
оқушының жеке қабілеттерін ескеру;
оқу материалын меңгеру кезінде шамадан тыс және интеллектуалдық жүктеменің мүмкін еместігі;
сыныптық ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз ету.
Мұғалімнің міндеті – оқушылардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне жауап беретін іс-әрекеттердің түрлерін келтіріп беру, оқушылардың өз бетінше іздену мен шығармашылықтарын қолдап отыру. Оқушы талдау құқығына, өзін-өзі бекітуге, өзінің жеке тұлғасын көрсетуге міндетті. Мұғалім оқушыға өзінің қызығушылықтарын тануға, қызықтыруға қолдауға міндетті.
Мектеп оқулықтары мен оқыту әдістемесіндегі информатика бағдарламасындағы талаптар «орташа» оқушыға есептелініп жасалынған. Бірақ оқушылардың қабілеттері әр түрлі: информатикадан берілген материалды жеңіл әрі қызығушылықпен меңгеретіндер; информатиканы үйрену нәтижесінде тек қана қанағаттанарлық нәтиже көрсететіндер; информатиканы үйрену үлкен еңбектің арқасында келетіндер.
Осының барлығы информатиканы жеке оқыту қажеттілігіне алып келеді, ол сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |