Сараптамалық жұмыс№9
Қант сапасын сараптау
Жұмыстың мақсаты- қант өнімінің сапалық көрсеткіштерін анықтау
Жұмысқа қажетті құралдар: таразы, ақ қағаз, сызғыш, шыны пластинка, стакан, қант стандарттары, құмшекер сынамалары.
Құмшекер сапасын органолептикалық бағалау. Орташа сынаманы таңдап болған соң құмшекер сапасын органолептикалық бағалауды келесі көрсеткіштер бойынша: сыртқы түрі, иісі, дәмі, ерітінді тазалығын анықтау керек. Сыртқы түрін анықтау кезінде қант сынамасын ақ қағаз бетіне 1 см аспайтын қалыңдықпен төгіп, күндізгі жарықта немесе шам жарығында көзбен ақтығына және құмшекер реңіне назар аударады. Қант және оның сәуле ерітіндісінің иісін анықтау үшін шыны банканы ¾ көлеміне ерітіндіні толтырып, тығындап жауып, 1 сағат бойы (20±2)С температурада тұрғызады. Иісін банка аузының деңгейінде қақпағын ашқан соң бірден анықтайды. Бөтен иіс сезілгенде дәмін анықтамаса да болады. Дәмін анықтау үшін 100 мл дистилденген судағы 10г қанттан тұратын қант ерітіндісінен шай қасықпен алып татып көреді Ерітінді тазалығын анықтау үшін 10г қантты өлшеп алып, таза мөлдір тегіс стаканда (70±10)С температуралы 100 мл дистилденген сумен араластырады.
Ерітінді мөлдірлігін өтпелі жарықта анықтайды. Анықтау нәтижелерін төмендегі 4.2-кестеге енгізу керек.
4.2-кесте Құмшекер сапасын органолептикалық бағалау
көрсеткіштер
|
Көрсеткіш сипаттамасы
|
қорытынды
|
Стандарт бойынша
|
сынама
|
Дәмі мен иісі
|
|
|
|
Түсі
|
|
|
|
Сусымалылығы
|
|
|
|
Ерітінді тазалығы
|
|
|
|
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Қант ақаулары қандай?
2. Құмшекер мен шақпақ қанттың қандай түрлері бар ?
3. Қант сапасының көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |