Сараптамалық жұмыс №11
Инструментальдік көрсеткіштер
Сабақтың мақсаты – өнімдердің сапалық көрсеткіштерін инструментальдік әдістермен өлшеу
Негізгі міндеттер:
Инструментальдік әдістердің түрлері
Сапалық көрсеткіштердің түрлері
Инструментальдік көрсеткіштер бойынша сынақтар (өлшеу әдістері) – бұл сапа көрсеткіштерінің мағынасын техникалық өлшем амалдарымен анықтау әдістері.
Қолданыстағы өлшем амалдарына байланысты бұл әдіс түрі келесі екі топшаға бөлінеді:
· физикалық әдістер - өлшем амалдары арқылы (шамалар, физикалық құралдар, өлшем қондырғылары, т.б.) сапаның физикалық көрсеткіштерін және химиялық әдістер – стандартты заттар, үлгілер, өлшеу құралдары мен қондырғылары арқылы химиялық көрсеткіштерді анықтау.
· химиялық әдістер – стандартты заттар, үлгілер, өлшеу құралдары мен қондырғылары арқылы химиялық көрсеткіштерді анықтау.
Физикалық және химиялық әдістердің түрлері: микроскопия, фотометрия, фотоэлектроколориметрия, хроматография, спектрофотомерия, ионометрия, флюоресценция және т.б. Органолептикалық әдістердің артықшылығы – қарапайымдылық, мүмкінділік, шапшаңдылық, арзандық.
Бір әдістің артықшылығы екіншісінің кемшілігін жояды немесе жеңілдетеді, соның арқасында бүл екі топ комплексті түрде қолданыста жүреді. Бірін-бірі толықтыра отырып, бұл әдістер сәйкестендіру нәтижелерінің нақтылығын арттырады. Әрбір қызметке сай келетін құрылымдық элементтер сәйкестендіруге тән, алайда олардың құрамы, көбіне, тек осы қызмет түріне сәйкес келеді. Соңғы нәтиже – белгілі бір аналогқа қарастырылған талаптарға тауардың сәйкестілігін растау, осының нәтижесінде тауардың түп нұсқасы орнатылады. Сәйкес еместік аңғарылған жағдайда (теріс нәтиже) тауар бұрмалануы белгіленеді. Оң және теріс нәтиженің екеуі де тауардың кейінгі тағдырын анықтау үшін соңғы шешім қабылдайды.
Аналитикалық талдау көрсеткендей, егер тамақ өнімінің сәйкестендіруі жоғарыда келтірілген әдістердің біреуімен нақты жүргізуге болмаса, онда сәйкестендіруді екі топтың әдісін біріктіре отырып қолдану арқылы анықтауға болады.
Сенсорлық көрсеткіштер жеңіл, оңай, бірақ сенімді емес келеді. Олар сәйкестендірудің жалғыз критериялары бола алмайды және инструментальды көрсеткіштерімен толықтырылуы керек. Бұл көрсеткіштер сенімділік пен обьективтіліктің үлкен дәрежесімен айырмашылық танытады.
Сенсорлық көрсеткіштерге қарағанда инструментальды көрсеткіштер сәйкестендіруді таңдау арқасында қабылдануы тиіс.
Сенсорлық және инструментальды көрсеткіштер бойынша шеттен әкелінген өнімнің бағасы даярлаушы елдің нормативтік құжаттамаларына сәйкес жүргізіледі, ал бұл болмаған жағдайда, ҚР-да келісім шарт талаптарына сай өндірілген және таңба немесе келісім шартта көрсетілген басқа да көрсеткіштерге сәйкестендірілген аналогтік өнімнің нормативтік құжаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
Тауардың сапасының көтермелеуіне шикізаттың және қосалқы материалдың қолданысы, тәжірибе және жаса- ұсталығының, өндірістің биік мәдениеті, санитарлық-гигиеналық талаптың орындалуы себепкер.. Қазiргi өндiрiс техникамен және озық технологиялармен экономикалық тиiмдiлiгін ғана емес, сонмен қатар өнiм сапасына кепiлдiк беру де қамтамасыз етiлуi керек. Шикiзаттың сапасын сақтау, жартылай фабрикат және азық-түлiк тауарларын орамаларының сақталының және сақтаудың режiмдерi және өткiзу қасиеттері жатады.
Келесi топты сапа көрсеткiштерi деп атауға болады: эргономиялық, эстетикалық, патент - құқықтық, бiрiздендiру және стандартизация, экологиялық, тағайындау, технологиялық, экономикалық, сақталатындық, тасымалға жарайтындық, тұтынудың қауiпсiздiгi тағы басқалар. Эргономиялық көрсеткiштер өнiмнің қоршаған орта және гигиеналық, антропометриялық, физиологиялық, психофизикалық тұрды және психологиялық параметрлер жүйесiн мiнездейдi
Достарыңызбен бөлісу: |