Бидайдыњ біртектілігін аныќтау


Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері



бет7/21
Дата29.03.2023
өлшемі455.5 Kb.
#471335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
МУ на практ.занятие Экспорт

Сараптамалық сабақ №5

Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері


Сабақтың мақсаты – өнімнің сапалық көрсеткіштерін анықтау және талдау тәсілдерін игеру
Негізгі міндеттер:

  • Өнімнің сапалық көрсеткіштерін анықтау тәсілдері

  • Өнімнің сапалық көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар

  • Өнімнің сапалық көрсеткіштерін стандарттау

Өнімнің сапа деңгейі оның көрсеткіштер жүйесінің негізінде анықталады. Ол деңгейді анықтау үшін әр көрсеткіштің сандық мағынасын біліп, салыстыруға негіз ретінде алынған өнім көрсеткіштерімен салыстыру керек. Өнім сапасының көрсеткіштері ретінде оның сандық мазмұнын табу танылады. Ол үшін іс жүзінде өнім ерекшеліктеріне байланысты бірнеше әдістер қолданылады:

  • өлшеу әдісі (құралдар мен жабдықтар көмегімен);

  • тіркеу әдісі, ол тіркеу мен санаққа негізделеді (белгілі оқиғалар, заттар). Тіркеу әдісі арқылы патенттік-құқықтық, стандарттау, унификациялау сияқты көрсеткіштер анықталады.

  • есептеу әдісі өнім сапасын анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді пайдалануға негізделеді;

  • органолептикалық әдіс адамның сезу, тану мүшелерінің талдауын қарастырады;

  • әлеуметтік әдіс өнім туралы тұтынушылардың көзқарастарының талдауының негізінде жүргізіледі;

  • эксперттік әдіс мамандар (дизайнерлер, дегустаторлар және т.б.) тобымен іске асырылады.

Cонымен, осы әдістерді сызба түрінде беретін болсақ, ол жоғарыдай болып келеді.
Сонымен қатар, іс жүзінде өнім сапасын бағалау үшін өнім сапасынның жеке және жалпылаушыларын қамтитын көрсеткіштер қолданылады. Сапаның жалпылаушы көрсеткіштері өнім сапасын бір кәсіпорын бойы тұтастай сипаттайды. Оларға сорттылық, марка, класс, пайдалы заттың болуы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнім үлесі және т.б.
Жеке көрсеткіштер түрлі болып келеді де, олар өнімнің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты болады. Оларды үлкен екі топқа жинақтауға болады: жеке еңбек құралдарының көрсеткіштері және жеке еңбек қаражат құралдары.
Кез- келген кәсіпорында өнім сапасына түрлі факторлар ықпал тигізеді. Сонымен қатар олар дәстүрлі түрде ішкі және сыртқы факторлар болып бөлінеді. Факторлардың атаулы екі түрін де кесте арқылы беретін болсақ, ол мынандай болып келеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет