Бидайдыњ біртектілігін аныќтау



бет5/21
Дата29.03.2023
өлшемі455.5 Kb.
#471335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
МУ на практ.занятие Экспорт

Сараптамалық жұмыс№4
Мемлекеттік стандарттар жүйесі

Сабақтың мақсаты – мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйесімен танысу


Негізгі міндеттер:
- Негізгі заң жүйесінде «техникалық реттеуді» қалыптастыру
- Келісім және стандарттау нысаны
-Сертификаттау объектісі мен категориялары
Сертификаттау - дайындаушы (сатушы, атқарушы) мен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз мекеменің, өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы.
Сертификаттың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығының қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтін сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау болып табылады. Қазіргі кезде республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан астық өнімдерінің түрлері, азық- түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап жоғары сапалы өнім шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Жүгеріні және тағамдық өнімдердің сапасын сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен, нормалық, анықтамалық, құкықтык құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір- бірімен сәйкес болуы керек.

Сертификаттаудың мақсаты мен принциптері.


Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны корғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
-саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі жэне сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін камтамасыз ету;
- заңды және жеке тұлғалардың Қазакстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми- техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
- өнім туралы мәліметтің дүрыстығын қамтамасыз ету;
- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
- сынактың кәсіби түрде өтуі;
- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
- өтініш берушінің сертификаттау органың сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
- сертификаттау нысанының ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
- сертификаттау жұмысында ИСО/ МЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық кұжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
- Қазақстан Республикасы кдтынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік белгісін Қазақстан Республикасында тану;
- ақпараттық коммерциялық кұпиясын ашпау;
- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына түтынушылар қоғамын қатынастыру.
Қазақстан Республикасының аумағында сапасы мен қауіпсіздігіне талаптары Зелгіленген нақты тағам өнімдері міндетті түрде сертификатталу объектісі болып табылады.
Міндетті түрде сертификатталуға тиісті тағам өнімдерінің тізімі Қазақстан Республикасының заңдары мен кұқыктық нормативтік актілеріне сәйкес анықталады.
Ерікті сертификаттау объектілері міндетті сертификатталуға жататын өнімдер тізіміне енбеген тағамдық өнімдер бола алады.
Міндетті сертификаттауға жататын тағам өнімдері адамдардың өміріне, мүлкіне, денсаулығына қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарға сүйеніп жүзеге асырылады.
Міндетті түрде сертификаттауда пайдаланылатын нормативтік құжаттарға мемлекеттік жэне мемлекетаралық стандарттар, белгілі тәртіппен халықаралық және ұлттық стандарттар, санитарлық нормалар мен ережелер, өнімдерге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауіпсіздік нормалары мен басқа да құжаттар жатады.
Ерікті сертификаттау тағамдық өнімнің нормативтік, техникалық немесе мәлімдеуші сертификаттауға берген басқа қүжаттар талабына сәйкестігін дәлелдеу үшін мәлімдеушінің бастамасымен жүргізіледі. Ерікті сертификаттауды жүргізетін сертификаттау жөніндегі органдардың аккредиттеу аясында өнімдер тізімі, мәлімденген сынақтарды жүргізуге нормативтік қүжаттары мен көрсеткіштері болуы керек.
Тағам өнімдері мен тағамдық шикізаттарды ерікті сертификаттау міндетті сертификаттау ережелері мен процедуралары бойынша жүргізіледі.
Міндетті сертификатталатын өнімдер тізіміне кіретін тағам өнімдерін ерікті сертификаттау нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына қоса мәлімдеуші белгіленген көрсеткіштер бойынша жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің мәлімет бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70 -ы сертификатталады. Қазақстанді міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85 дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.
тіркеу - уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға үйьшның қүқылы екендігінің ресми тануы;
-тіркеу аттестаты - белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының нақты жүмыстарды орындауға деген қүқығын куаландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат;
-аудит (сертификаттаудағы) сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың (немесе) сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш-берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процесстердің жұмысы мен қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі (мемлекеттік сертификаттау жүйесі) - өз құзірет шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жэне Қазақстан Республикасындағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жүмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;
-сертификаттау жөніндегі органдардың жэне сынақ зертханаларының қызметін мемлекеттік бақылау стандарттау, метрология жэне сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ зертханаларының нормативтік құжаттарды бұзу фактілерін анықтауға, жолын кесуге, жоюға бағытталған қызметі;
-Сәйкестік туралы декларация - жеткізіп берушінің, дайындаушының, сатушының өнімнің белгіленген талаптарға сэйкестігін куаландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген нысанадағы құжаты;
-өтініш беруші - өнімді, процессті, жұмысты, қызмет көрсетуді, сертификаттауға үсынған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңдытұлға (дайындаушы, сатушы, атқарушы);
-сәйкестік белгісі мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік қүжатқа сәйкес екендігін, қажет сенімнің
қамтамасыз"етілетіннің көрсететін белгіленген тәртіппен қолданған белгі;
-инспекциялық бақылау сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың тарапынан сертификатталған өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылау жасау;
өнімнің бірдейлігі белгілі бір өнімді өндіру, оның айналасы, пайдалануы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын қамтамасыз ететін рәсім;
-сынақ зертханасы - өнімнің қүжат талаптарына сэйкестілігін жүргізетін орталық;
-сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат - сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нэтижелеріне катысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды белгілейтін стандарттау туралы құжат;
-өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі орган - мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен, белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тіркелген заңды тұлға;
Міндетті сертификаттау – міндетті сертификаттауға жататын тізімге енгізілген өнімдерді (процестерді, қызметті), одан адам өмірі мен денсаулылығының қауіпсіздігін, адам мүлкі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін стандарт немесе басқа нормативтік құжат талапына сәйкестігін растау үшін сертификаттау.
Ерікті сертификаттау – тапсырыс беруші (өндіруші, сатушы, орындаушы) тапсырысы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, нормативтік құжат талабына сәйкестігін растау мақсатында жүргізеді. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастырмайды.
Өнімді сертификаттау мемлекеттік сертификаттау жүйесінде бекітілген сызбалар бойынша жүзеге асады.Сертификаттау сызбасы – өнім сәйкестігін бағалау кезінде үшінші жақ әрекетінің құрамы мен реті.Сызбаны таңдау кезінде өндіріс, зерттеу, нақты өнім ережелері, қажетті сенімділік дәрежесі, тапсырыс берушінің мүмкін шығындары ескеріледі.
19- кесте- Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау сызбасы

Сызба нөмірі №

Сәйкес-тікті растау әдісі

Өндірісті тексеру

Инспекциялық бақылау

Сертифи- каттаудң әрекет ету мерзімі

Ескерту




Типті зерттеу

-

-

6 ай

Маркілеу жүргізіледі




Типті зерттеу

Өндіріс күйін таңдау

Сатушыдан алынған сынамаларды зерттеу. Өндіріс күйін талдау.

12 ай

Берілген типті барлық өндірілетін өнім маркіленеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет