19 кестенің жалғасы
|
Типті зерттеу
|
Өндірістік күйін талдау
|
Өндірушіден алынған сынамаларды зерттеу. Өндіріс күйін талдау.
|
12 ай
|
Берілген типті барлық өндірілетін өнім маркіленеді
|
|
|
Типті зерттеу
|
Өнім күйін талдау
|
Сатушыдан алынған сынамаларды зерттеу, өндірушілерден алынған сынамаларды зерттеу. Өндіріс күйін талдау.
|
18 ай
|
Берілген типиті барлық өндірілетін өнім маркіленеді
|
|
|
Типті зерттеу
|
Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификат-тау
|
Сатушылардан алынған сынамаларды зерттеу. Өндірушілерден алынған сынамаларды зерттеу. Өндірісті (сапа жүйесін) бақылау.
|
36 ай
|
Берілген типті барлық өндірілетін өнім маркіленеді
|
|
|
Типті зерттеу
|
Сапа жүйесін сертификат-тау
|
Сапа жүйесін бақылау
|
36 ай
|
Маркілеу жүргізілмейд
|
|
|
Партияны зерттеу
|
-
|
-
|
Партия-ны өткізу мерзімі
|
Маркілеу жүргізілмейді
|
|
|
Әр өнімді зерттеу
|
-
|
-
|
Бекітіл-мейді
|
Әрбір өнім маркіленеді
|
|
|
Сәйкестік декларациясын құжаттармен бірге қарастыру
|
-
|
-
|
Өнімнің сақтау мерзімі, бірақ 12 айға дейін.
|
Маркілеу жүргізіл-мейді
|
|
|
|
|
|
|
|
|
19 кестенің жалғасы
|
Сәйкестік декларациясын құжаттармен бірге қарастыру
|
Өндірістің күшін талдау
|
-
|
12 ай
|
Маркілеу жүргізілмейді
|
Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау сызбалары 16 кестеде көрсетілген. Осы кестеден дәлелдеу әдістері ретінде:
- зерттеу;
- сәйкестік декларациясын құжаттармен бірге қарастыру;
- өндіріс күйін талдау;
- инспекциялық бақылау қолданылатының көруге болады.
Сертификаттауды жүргізу тәртібі мен ережелері
Тағамдық өнімге сертификаттау жүргізу тәртібі сертификаттаудың процедурасының кезеңдік дәйектілігін белгілейді және аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханалары жүргізетін жұмыстардың қосарланушылығын жоюды қамтамасыз етеді. Тағамдық өнімді сертификаттау тәртібіне:
- құжаттармен қоса сертификаттауға тапсырыс беру және қарау, қүжаттарды талдау (лицензиялық қызмет үшін лицензияның көшірмесін тапсыру кажет);
- тапсырыс бойынша шешім қабылдау, оның ішінде сертификаттау сызбасын таңдау;
- сертификаттау жұмыстарын жүргізуге мэлімдеуші мен сертификаттау органның арасында келісім- шарт жасау;
- сұрыптау, үлгілерді (сынамаларды) бірыңғайлау және оларды сынау, өндірістің жағдайын (егер бүл сертификаттау сызбасында қаралған болса) немесе сапа жүйесін сертификаттауды талдау;
- өнімнің белгІленген талаптарға сәйкестігін бұзған жағдайда жэне органға тапсырылады, хаттаманың қанша дана болу керектігін сертификаттау жөніндегі орган белгілейді.
Сынақ хаттамаларының көшірмесі сәйкестік сертификатының мерзімі біткенше үш жылдан кем емес сынақ зертханасында сақталады.
Сынақтар нәтижелері ең болмаса бір көрсеткіштерден теріс болған жағдайда, сынақ жургізу тоқтатылады. Сынақтардың теріс нәтижелері туралы ақпараттар сынақ хаттамасымен бірге сертификаттау органына жіберіледі.
Сертификаттау жөніндегі органға мәлімдеуші өнімді дайындау және өндіру барысында жүргізілген сынақтар хаттамаларын немесе Қазакстан Республикасы МСЖ тіркелген басқа сынақ зертханасында орындалған сынақтар туралы құжаттарды тапсыруына болады.
Өндірісті немесе сапа жүйесін бағалау сынақ хаттамаларын, өнімнің сәйкестігі туралы құжаттарды талдаған соң сертификаттау жөніндегі орган өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды, сәйкестік сертификатын дайындайды, оны тіркейді және мәлімдеушіге тапсырады.
Сәйкестік сертификаты берілмейтін жағдайда мәлімдеушіге қабылданған шешімді дәлелдеп, жазып жібереді.
Сәйкестік сертификаты ҚР СТ 3.11 сай тіркеледі.
Сәйкестік сертификатының қолдану күші мерзімі сертификаттау жөніндегі органмен өнімнің ерекшелігін және қабылданған сертификаттау кестесімен есептеп белгіленеді.
Сәйкестік сертификаты белгіленген нысанмен бланкілерде дайындалады.
Өнімді міндетті жэне ерікті сертификаттау үшін нысаны жэне оларды толтыру ережелері ҚР СТ 3.4 белгіленген.
Сәйкестік сертификаты, әдетте, нақты өнім атауына дайындалады. Негіз болған жағдайда, сертификаттың күші тарайтын нақты өнімнің тізімі бар қосымшасы болуы мүмкін.
Қосымша осы топқа кіретін өнімнің көрсетілген біркелкі өнімдер тобына дайындалады. Егер бір дайындаушы шығарса және осы өнімге қатысты бірегей нормативтік құжаттарға сүйеніп бірдей талаптарға сай сертификатталса, құрамы бойынша теңестірілсе, біртекті шикізат пайдаланылса, дайындау тәсілі ұқсас болса, сондай- ақ дайын өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторлар есептеліп, бір топқа бірнеше атаулы өнім кіруі мүмкін.
Егер біртекті топтағы өнімді талдау бір атаулы өнімнің сынау нәтижесі сертификатталатын біртекті өнімнің нақты тобына жинақталған басқа атаулы өнімдерге қатысты болуы мүмкін жағдайда сынақтарды қысқартылған номенклатура көрсеткіштері бойынша жүргізуге болады.
Біртекті өнімдердің бірнеше атауына сертификат дайындағанда біртекті өнімдер атауының тізімі көрсетіліп, сәйкестік сертификатына белгіленген үлгідегі қосымша дайындалады.
Техникалық құжаттарға жэне сертификатталған өнімді өндіру тенологиялық процесіне өзгерістер енгізілсе, бұл туралы мәлімдеуші белгілі тәртіппен сертификаттау жөніндегі органды хабардар етуі керек.
Сертификатталған өнімді Сәйкестік белгісімен таңбалауға болады. Өнімді ҚР СТ 3.1 және ҚР СТ 3.25 сай дайындаушы не сатушы таңбалайды. Сэйкестік сертификатын алған соң сертификаттау жөніндегі органмен келісім бойынша таңбалау құқы дайындаушыға немесе сатушыға беріледі, ол туралы сәйкестік сертификатында сәйкестік жазбасын қою керек.
Сертификатталған тағамдық өнімді осы өнімге сертификаттау жүргізген орган әркез және жоспардан тыс тексеру ретінде, қажет болса басқа да құзіретті мекемелерді тартып, бақылап отырады.
Өнім жэне оны өндіру шарттары сертификаттау кезіндегі белгіленген талаптарға әлі де сай екендігін дәлелдеу мақсатымен сәйкестік сертификатының қолдану күші жүретін мерзім ішінде аз дегенде жылына бір рет бақылау жүргізіледі.
Тексеру жиілігі, жұмыстар түрі іске асырылған сертификаттау сызбасын есептей отырып, сертификаттау жөніндегі орган белгілейді.
Тұтынушылардан, сауда мекемелерінен, өнім сапасын мемлекеттік бақылаушылардан өнім сапасына наразылық білдіру туралы мэліметтер түскен жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.
Тексеру нэтижелері бойынша, нормативтік құжаттар талаптары бұзылған жағдайда, сертификаттау жөніндегі орган сәйкестік сертификатының күшін тоқтата тұруы немесе жоюы және өнімді. Сәйкестік белгісімен таңбалау құқын тоқтата тұруы мүмкін, егер:
- өнімге немесе сынақ эәдістеріне сертификаттау органынан нормативтік құжаттарды өзгертулері туралы хабар түспесе;
- сертификаттау органынан өндірістің технологиясы немесе ұйымының өзгеруі туралы хабар түспесе;
- технология талаптары орындалмаса;
- сертификаттау органымен келісілмей сапа жүйесі, сынау мен бақылау әдістері өзгертіліп немесе орындалмаған болса;
- берілген өнімнің түрі шығарылмайтын жағдайда.
Сәйкестік сертификатының күшін тоқтата түру немесе жою туралы сертификаттау органы мәлімдеушіні, тұтынушыларды және сертификаттау жүйесіне мүдделі қатысушылардың бәрін хабардар етеді.
Сәйкестік сертификатының күшін қайта жандандыру мен сәйкестік белгісімен таңбалау құқын қайта беру үшін реттеу жүмыстары жүргізіледі.
Дайындаушы реттеу шарттарын орындамаған жағдайда немесе олар болмаса, сертификаттау органы сертификаттың күшін жояды және сәйкестік белгісін қолдануға тиым салады.
Сәйкестікті растау жұмыстарының жүргізу тәртібі:
1. Тапсырыс берушімен сәйкестікті растау жөніндегі органға өтініш беру – өнімді сертификаттау тапсырыс берушімен сәйкестікті растау жөніндегі органға бағытталған өтініш негізінде жүргізіледі. Өтініште тапсырылған өнім аты, оның типі, маркасы, номиналды сиымдылығы, өндірген ел, өндіруші-кәсіпорын, сақтау мерзімі, саны, сонымен қатар тапсырыс берушінің нәтижеге тәуелсіз сертификаттауды жүргізуге кеткен шығындарды төлеу міндеттемесі көрсетіледі.
2. Өтінішті қарау және шешім шығару – сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінішті тіркеп, оны қарастырған соң тапсырыс берушіге өз шешімді сертификаттаудың негізгі шарттары, сертификаттау жүргізу туралы шешімде сертификаттаудың жүргізілетін нормативті құжаттардың тізімі, сертификациялық зерттеулер жүргізілетін зертханалар тізімі көрсетіледі.
3. Өнімнің сәйкестігін растау жөнінде жұмыстарды жүргізу үшін өтініш беруші мен сәйкестігін растау жөніндегі органнымен келісім шарт құру – сәйкестікті растау жөнідегі орган өтініш берушіге шешіммен бірге сәйкестікті растауды жүргізу үшін қол қойылған шаруашылық келісім шартты бағыттайды.
4. Тапсырылған өнім сынамасын таңдау, оларды идентификациялау және сынақ зертханасына сынама өткізу – тапсырылған өнімнен сынама таңдауды сәйкестікті растау жөніндегі орган жүргізеді. Сынама таңдауды сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш берушінің өзіне де тапсыруы мүмкін. Бұл жағдайда сынама таңдауды өтініш берушінің бұйрығымен тағайындалған тәуелсіз ұйымның үш өкілінен тұратын бөлікті коммисия жүргізеді.
Таңдалған сынама мөлшері, оны таңдау әдістемесі, идентификациялау жәнесақтау тапсырылған өнімнің нормативті құжатында көрсетілген талабына немесе сертификаттау жөніндегі әдістемелік құжат талабына сай келу керек.
СТ РК 3,4 және ПР РК 50,3,19 сәйкес жүргізілген сынама таңдау актпен рәсімделеді, оған сынама таңдауды жүргізген тұлғалар және тапсырыс беруші өндіріс өкілдері қол қояды.
Тапсырылған өнімді идентификациялауды ГСС РК (мысалы, ПР РК 50,3,25-97 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сертификаттау ережелері. Тамақ және ауыл шаруашылық өндірісі өнімдерін сертификаттау кезінде идентификацияны жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар») және ҚР СТ 3.34-2003 нормативті құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
5. Тапсырылған өнім сынамаларына сертификациялық сынаулар жүргізу – сынақ зертханасы келісілген мерзімде сынамаларды нормативті құжат талаптарына сәйкес сынауларды жүргізеді.
Сынамаларға сынақ жұмыстарын жүргізу үшін арнайы нормативтік құжатта бар көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Егер де сынақ жұмысын жүргізу кезінде көрсеткіштер нормативтік құжатқа сәйкес болмаса, қайтара сынау жұмысы жүргізіледі.
6. Алынған нәтижелерді талдау және сертификат беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау – сәйкестікті растау органы зерттеу, өндіріс күйін талдау, сынау хаттамаларын қарастырып тапсырылған өнімді талаптарға сәйкестігін бағалайды және сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылдайды.
7. Сәйкестік сертификатын беру – сәйкестік сертификатын өтінімі берушіге сәкестікті растаудың таңдалған сызбасына сәйкес барлық рәсімдерді орындаудың оң нәтижелері болған жағдайда өнімге сәйкестікті растау жөніндегі орган береді.
1) Сәкестік сертификатында: өнім берушінің, өнімді дайындаушының, сәйкестік сертификатын берген органның атауы және орналасқан жері,
2) сертификатталған өнімнің бірдейлендіруге мүмкіндік беретін атауы,
3) оның талаптарына сәйкестікке сертификаттау жүргізілген техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актінің атауы,
4) жүргізілген зерттеулер және өлшемдер туралы ақпарат,
5) өнімнің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігіне дәлел ретінде өтініш берушінің сәйкестікті растау жөніндегі органға ұсынған құжаттары туралы ақпарат,
6) сертификаттың қолданылу мерзімі көрсетілуге тиіс.
3. Сәйкестік сертификаты бланкіде ресімделеді, толтыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.Сәйкестік сертификаты оны берген сәйкестікті растау жөніндегі органда тіркелуге тиіс.Сәйкестік сертификатының күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.Сертификатпен қоса өнімді сәйкестік растау кезінде жүргізілген сынау хаттамасы беріледі.Берілген сәйкестік сертификаттары ҚР МСЖ Мемлекеттік реестрінде тіркеледі.
Сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімі сертификаттау жөніндегі органмен үш жылға дейінгі мерзіміге бекітіледі. Өнім партиясына арналған сертификат әрекеті өткізу мерзімі шегінде, сақтау мерзімі бар өнім партиясы үшін – өнімді сақтау мерзімі шегінде бекітіледі.
8) Сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен маркілеу – өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімімен өткені туралы сатып алушыларды хабарлар етуге арналған белгі. Оның тағайындалуы – өнім сертификаттаудан өткендігі туралы ақпаратты тұтынушыға жеткізу.
Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау мақсаттары:
- өндірушіге (сатушыға, орындаушыға) сенімділікті арттыру,
- өнімнің өтуіне ықпал жасау,
- тұтынушының өнім қауіпсіздігі жөнінде сенімді болуы,
- Қазақстан Республикасы тауарлық нарығында заңды және физикалық тұлға қызметтері үшін қажетті жағдай тудыру.
Сәйкестік белгісін қолдану мерзімі сәйкестік сертификатын әрекет ету мерзімінен аспау керек.
Сәйкестік белгісімен таңбаланған өнімге техникалық, қолдану немесе тауарлық құжаттарда сертификаттау туралы мәлімет болса сертификат көшірмесі берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |