Бидайдыњ біртектілігін аныќтау



бет11/21
Дата29.03.2023
өлшемі455.5 Kb.
#471335
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
МУ на практ.занятие Экспорт

Сараптамалық жұмыс №8
Стандарт мазмұны мен құрылымын зерттеу

Жұмыс мақсаты: стандарт бойынша кофе сапасын сараптауды және нәтижелерді рәсімдеуді үйрену.


Жұмысқа қажетті құралдар: кофе стандарттары, кофе сынамалары, таразы, ыдыс, секундомер. Кофе ассортиментін зерттеу. Кофе ассортиментін стандарттар, сынамалар бойынша зерттеп, төмендегі 3.3-кестені толтыру керек.

3.3-кесте



Кофе түрі

Кофе типі

Тауарлық сорты

Тауарлық маркасы

өндірісте қолданылатын кофе түрлері (ботаникалық сорттары)
















Кофе сапасын органолептикалық бағалау. Органолептикалық бағалау сыртқы түрі, дәмі, хош иісі бойынша жүргізіледі. Сыртқы түрін көзбен шолу арқылы күндізгі жарықта немесе люминесцентті жарықта өнімді ақ қағаз бетіне жұқа қабатпен жайып анықтайды. Сыртқы түрін анықтаған кезде біртектілігіне, дәнді кофенің түсі мен беткі күйіне, ұнтақ кофенің түсі мен консистенциясына назар аударады. Дәмі мен хош иісін анықтау. Хош иісін құрғақ өнімде және экстрактта, ал дәмін тек экстрактта анықтайды. Сусынды дайындау үшін массасы 2,5 г өлшендіні стаканға салып, 150 мл ыстық қайнеған сумен (96-98ºС температуралы) ерітеді.


Ерігіштігін анықтау. Кофе өлшендісінің ыстық және суық суда еру ұзақтығын анықтауға негізделген. Жұмысты орындау реті: Шамамен 2,5 г өлшендіні 150 мл ыстық қайнеған сумен (96- 98ºС) немесе суық (18-20ºС) араластырып ерітеді. Кофе ерігіштігін секундомер бойынша тіркейді. Нәтижелерді төмендегі 3.4-кесте кестеге енгізу керек.
3.4-кесте

Көрсеткіштер

Көрсеткіштер сипаттамасы

Сапасы туралы қорытынды

МЕСТ

сынама

Сыртқы түрі










Дәмі мен хош иісі










Толық ерігіштігі, мин
ыстық суда
суық суда










Сұрақтарға жауап беріңіз: 1. Кофенің қандай түрлері мен тауарлық сорттары бар? 2. Ерігіш кофе мен қуырылған кофенің айырмашылығы қандай? 3. Кофені қабылдау реті және сапасын анықтау реті қандай? 4. Табиғи ерігіш кофеде қандай көрсеткіштерді анықтайды? 5. Кофені маркілеу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет